Қарулы қақтығыстардың 60 пайызы ИЫҰ мүше мемлекеттердің территориясында орын алады

0
681

Сәуір айының 22-24 күндері аралығында Алматы қаласында ҚР Сыртқы істер министрлігі, Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы және Қазақ Ұлттық Университетінің ұйымдастыруымен  «ИСЛАМ  ӘЛЕМІНДЕГІ ТАТУЛАСТЫҚ  БАСТАМАСЫ: ИЫҰ МЕМЛЕКЕТТЕРІНДЕ БЕЙБІТШІЛІК ПЕН ШИЕЛЕНІСТЕРДІ РЕТТЕУ МҮМКІНДІКТЕРІ»  атты халықаралық семинар өтті.

Өкінішке орай әлемдегі шамамен 60% қарулы қақтығыстардың ИЫҰ мүше мемлекеттердің территориясында орын алады деп болжануда. Осы орайда Қазақстан әлемде бейбітшілікті көздейтін ел ретінде ИЫҰ мүше мемлекеттерінің өкілдермен бір арада бас қосып,  қақтығыстардың деңгейін, жиілігін және таралған аумағын ұжымдық қарастыру мен стратегия құрастыру қажеттігінің маңыздылығы жайында сөз қозғап, өзара ұсыныс-пікірлер жан-жақты талқыланды. Осы тұрғыда «Ислам әлеміндегі татуластық бастамасы: ИЫҰ мемлекеттерінде бейбітшілік пен шиеленістерді реттеу мүмкіндіктері» тақырыбындағы семинар ИЫҰ бейбітшілік архитектурасына және басқа да институционалдық механизмі мен байланыс топтарына қосымша ретінде Исламдық жақындастырудың жүзеге асыру туралы зияткерлік пікірталас жүргізілді. Бұл іс-шараға ҚазҰУ-дың  Философия және политология  факультетінің  деканы Әлия Масалимова,  декан көмекшісі Бекжан Берікбайұлы, дінтану және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі Айнұр Құрманалиева, кафедра эдвайзері Нұрлыхан Қожабергенқызы және Исламтану, дінтану бөлімінің докторант  мен магистранттары www.kaznu.kz  қатысып,  жан-жақты мағлұмат алды.

Филос.ғ.д. профессор Бегалинова К.К

Табашев Ғ.М, Әл-Фараби ат.ҚазҰУ, дінтану және мәдениеттану кафедрасы, Исламтану бөлімінің докторанты

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.