Алматылық курсанттар елордаға арналған мерекелік кеш ұйымдастырды

0
1241

Нұр-Сұлтан қаласы күнін мерекелеу құрметіне орай Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында тақырыптық кеш өткізілді. Мерекелік шараға Қарулы Күштердің ардагерлері қонақ ретінде шақырылды.

Ұйымдастырушылар сан алуан мәдени бағдарлама қою арқылы қонақтарға ерекше көңіл-күй сыйлады. Курсанттар Елордаға арналған баяндамалар мен ән-жырларын оқып, жыл сайын гүлденіп келе жатқан бас қаламыз үшін кеуделерін қуаныш пен шаттық кернейтінін ерекше атап өтті.

Өз кезегінде институт бастығының тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы полковник Ділмұрат Арипов аталған мерекелік шараның тарихи маңызы мен мәніне тоқталып өтті.

  • Елордамыз Елбасымыздың есімімен тығыз байланысты, Н.Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында бас қаламыз көркейіп, өркендеп келеді. Сондықтан біз, әскери қызметшілер, астананың Нұр-Сұлтан атануына ризашылығымызды білдіреміз және қолдаймыз, – деді полковник Д.Арипов.

Мерекелік шара барысында қатысушыларға астананың құрылыуы мен қалыптасуы туралы деректі фильм көрсетіліп, «Нұр-Сұлтан қаласы – Қазақстанның жүрегі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Кеш соңында курсанттардың ұйымдастыруымен мерекелік концерт қойылды.

РЭжБӘИИ баспасөз қызметі

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.