Қ.Тоқаев америкаға президенттік сапарын БҰҰ-дан бастады

0
1364
The Secretary-General with H.E. Mr. Kassym-Jomart Tokayev (President, REPUBLIC OF KAZAKHSTAN).

Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Қасым-Жомарт Тоқаевтың Нью-Йорктегі сапарына арналған ролик жариялады. Онда: «Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Нью-Йоркке сапары белгілі америкалық саясаткерлермен және сарапшылар қауымдастығының өкілдерімен кездесумен басталды.

Кездесу барысында мемлекет басшысы Қазақстан-Америка қарым-қатынастарының қазіргі жай-күйі мен даму перспективалары, сыртқы саясаттың негізгі басымдықтары, Қазақстанның сауда-экономикалық және инвестициялық әлеуеті туралы егжей-тегжейлі баяндады.Бұдан кейін ол «Bloomberg» ақпарат агенттігінің негізін қалаушы әрі иесі Майкл Блумбергпен және БҰҰ-ның Өркениеттер Альянсының Жоғары өкілі Анхел Моратиноспен кездесті. Тараптар өзара іс-қимыл перспективаларын, атап айтқанда, дінаралық келісім мен өркениеттердің жаһандық диалогын нығайту жайын талқылады. Президент БҰҰ Бас Ассамблеясының 74-і сессиясы аясында америкалық және жетекші трансұлттық компаниялардың басшыларымен бірқатар кездесулер өткізді. Кешкісін компания жетекшілерімен дөңгелек үстел басында пікір алмасты. Тоқаев Украина президенті Владимир Зеленскиймен одан бөлек Иордания Королі ІІ Абдалла, Грузия президенті Саломе Зурабишвили, Польша президенті Анджей Дуда, Болгария президенті Румен Радев, Швейцария Конфедерациясының президенті Ули Маурермен жүздесті. Қ.Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 74-і сессиясы Жалпы дебаттарының ашылуына қатысып, сабырлы қалыппен еш қағазға қарамай қазақша әрі ағылшынша баяндама жасады. Сонымен қатар АҚШ Президенті Дональд Трамппен қысқа кездесу өткізді. Әңгімелесу барысында екі ел көшбасшылары Қазақстан мен Американың кеңейтілген стратегиялық серіктестігінің өзекті мәселелері мен перспективаларын талқылады. Бұл сапар жайында толығырақ газеттің келер санында оқи аласыздар.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.