Ұлтқа ұя қиналғанға пана болған Сыр елі

0
2362

Бейбітшілік пен келісім формуласы: Бірлік және жаңғырту”атты Қазақстан халқы Ассамблеясының XXII сессиясы өтті.

Қызылорда қаласының Достық үйінде облыс әкімі, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Қуанышбек Ысқақовтың төрағалығымен “Бейбітшілік пен келісім формуласы: бірлік және жаңғырту”атты Қазақстан халқы Ассамблеясының XXII сессиясы жұмысына облыстық ҚХА мүшелері, этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен белсенділері, облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, жоғары оқу орындары мен колледж оқытушылары, үкіметтік емес ұйымдарының және БАҚ өкілдері қатысты.

Жиналғандардың алдында сөз сөйлеген облыс әкімі Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVII сессиясында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қазақстандық қоғамда тұрақтылықты сақтауға және нығайтуға бағытталған барлық тетіктердің одан әрі үйлесімді және тиімді жұмысын қамтамасыз ету міндетін қойғанын атап өтті. Қарқынды өзгеретін әлемде бір тұрақты, іргелі құндылық – қоғам бірлігі мен ұлтаралық келісім бар. Қазақстан қоғамдық өмірдің барлық салаларында ауқымды өзгерістер өткізіліп жатқан жаңа тарихи кезеңге кірді. Сондықтан ҚХА XXVII сессиясы екі жақты, өзара байланысты міндеттерді шешуге назар аударды: бұлар әлеуметтік бірлікті қамтамасыз ету және жаңғыртуды табысты жүзеге асыру. Өздеріңіз білесіздер       сәуір айының Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Татулық пен келісім формуласы: бірлік және жаңғыру» күн тәртібімен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVIІ сессиясы өткізілді.

Сессия жұмысы барысында Елбасы еліміздегі бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау ісіндегі Қазақстан халқы Ассамблеясының маңызды рөлін атай отырып, «жаһандық әлем күшті трансформацияны бастан өткеріп отыр. Біз бәріміз мүлде жаңа тарихи дәуірде өмір сүріп жатқанымызды түсінеміз. Экономика, қоғам өмірі және технология түбегейлі өзгерді. Бұл жаңалықтарды қабылдап, көп нәрсені үйренеміз, біраз нәрсені істей аламыз. Бірақ, бұл құбылмалы әлемде бір ғана мәңгі әрі кешенді құндылық бар. Ол – қоғамның бірлігі мен ұлтаралық келісім», – деді. Бүгінде Қазақстан халқы Ассамблеясы орасан зор біріктірушілік және зияткерлік әлеует жинақтап, еліміздегі бірліктің ұйытқысы, берекенің бастауы болып отыр.

Жаппай кәсіпкерлікті дамыту басты нысана

Облыстық ассамблеяның Төрағасы ретінде өздеріңізбен бұл алғаш кездесуім. Алғашқы күннен өздеріңіздің ыстық ықыластарыңыз бен қолдауларыңызды сезініп келемін. Алғысымыз шексіз.

Осы ретте айта кетуіміз қажет, аймақтың соңғы жылдар ішінде қол жеткізген барлық табыстары облысты және жергілікті ассамблеяны алты жылдан аса уақыт абыройлы басқарған Қырымбек Елеуұлы Көшербаевтың есімімен тікелей байланысты. Бүгінде біздің ортақ міндетіміз – осы жетістіктерді еселеп, басталған жобаларды одан әрі жалғастырып, облыстың дамуына жаңа серпін беру.

Ортақ мақсат жолындағы бірлескен жұмысымыз табысты әрі жемісті болады деп сенемін. ХХҮІІ сессия барысында Елбасы Қазақстан қоғамындағы тұрақтылықты сақтау үшін барлық тетіктердің қалыпты әрі тиімді жұмысын қамтамасыз етуді тапсырған болатын.

Ұлтқа ұя, жығылғанға пана бола білген қасиетті Сыр өңірінде Елбасының тапсырмалары жүйелі түрде орындалып,  толымды істер атқарылуда деп айта аламыз.

Бүгінде Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының барлық көрсеткіштері бойынша, өнеркәсіптік өнім көлемін қоспағанда, оң динамика қалыптасты.

Экономикаға тартылған инвестиция 2 есе, құрылыс 2,4 есе, тұрғын үйді пайдалануға беру 21,6 процент, ауыл шаруашылығы 2,3 процент бойынша өсім қамтамасыз етілді. Облыстың экономикалық дамуындағы өсімге қол жеткізу үшін біз аймақ экономикасын индустрияландыру арқылы әртараптандыру стратегиясын жүзеге асырудамыз.  Қазіргі таңда индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылған 24 жобаның 18-і 90%-тен 100%-ке дейін жоспарлы қуаттылығын игерді.

Облыстың ірі инвестициялық жобаларымен қатар біз шағын өндірістерді дамыту бойынша тиісті жұмыстарды жүргізудеміз. Бүгінде мемлекет тарапынан шағын өндірістерді дамытуға жан-жақты қолдау көрсетілуде. Осыған орай, Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың халыққа арнаған жолдауында шағын, әсіресе, микробизнес еліміздің әлеуметтік-экономикалық және саяси өмірінде маңызды рөл атқаратынын атап өтіп, «жаппай кәсіпкерлікті дамыту санаға сіңген патерналистік пиғыл мен масылдықтан арылуға мүмкіндік береді» – деді.

Бүгінгі таңда өңірлік экономиканы қалыптастырудың негізгі басымдығының бірі – жаппай кәсіпкерлікті дамытуға ерекше маңыз беріп отырмыз. Өздеріңізге белгілі өткен жылды облысымызда жаппай кәсіпкерлікті дамыту жылы болып жарияланады және ол үш жылға созылды. Осыған байланысты біз «қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында жалпы құны 12,6 млрд теңге болатын 124 жобаны жүзеге асыру бойынша жұмыс жасаудамыз. Бұл – ет-сүт өнімдерін өндіру және қайта өңдеу, сусындар мен құрылыс материалдарын шығару. Осы жобаларды жүзеге асыру арқылы біз импортты төмендете отырып, бір мезгілде өзіміздің жергілікті шикізат базасын дамытамыз.

Дамудың жедел қарқынын қамтамасыз ету мақсатында біз өңірдің ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу нарықтарына кешенді маркетингтік зерттеулер жүргіздік, олардың нәтижелері агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың «Агрокартасы» өңірлік бағдарламасына негіз болды. Өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін дамытудағы негізгі басымдық қайта өңдеу саласын жылдам дамытуға беріледі, бұл өз кезегінде агроөнеркәсіп кешенінің драйверіне айналып, еңбек өнімділігі мен экспорттың 2,5 есеге өсуін қамтамасыз етеді.

Бұл ретте, аймақтың негізгі экспортталатын өнімдері – ақталған күріш, өңделген балық, ет және ет өнімдері, (жылқы, қой, сиыр еті) сондай-ақ бақша дақылдары болады. Осыған байланысты, облыста сүт, ет, жұмыртқа, құс еті, картоп, ұн тарту өнімдері мен жылыжай көкөністерін өндіруді жетілдіруіміз қажет.

Егістікті сумен қамтамасыз ету проблемасы бізден жыл сайын жаңа шешімдер қабылдауды талап етуде. Бұл ретте, келешекте облыста су қоймаларын салу, сондай-ақ суды ұтымды пайдалануға бағытталған бірқатар жобаларды жүзеге асыру жоспарлануда.

Атап айтқанда, ирригациялық және дренаждық желілерді жетілдіру жөніндегі жобаларды іске асыру арқылы суармалы суды 30%-ке дейін үнемдейміз. Және жерасты көздерін пайдалану, тамшылатып, жаңбырлатып суару әдістерін қолдану, коллекторлық суларды қайта пайдалану есебінен суармалы жерлерді 95 мың гектарға көбейтіп, 300 мыңға жеткіземіз. Нәтижесінде біз аграрлық сектордағы өндіріс көлемін 79 млрд теңгеге ұлғайта отырып, 3 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын ашамыз.

Елбасының «Nur Otan» партиясының XVIII съезінде азаматтардың өмір сүру сапасы мен олардың әл-ауқатын арттыру туралы берген тапсырмасына сәйкес, аймақта бұл бағытта тиісті жұмыстар жүйелі жүргізілуде. Атап айтқанда, 1 маусымда «Болат Өтемұратов» Қорының қаржысы есебінен «Баламекен» жобасы аясында 100 отбасыға тұрғын үй табысталды.

Бұдан бөлек, Елбасының тапсырмасына сәйкес, сатып алу құқығынсыз жалдамалы тұрғын үй салуға және дайын пәтерлерді сатып алуға республикалық бюджеттен бөлінген 3,6 млрд теңгеге және қосымша облыстық бюджеттен бөлінген 360 млн теңге қаржыға жылдың қорытындысымен 431 көпбалалы отбасы баспаналы болады.

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасы бойынша, Үкімет көпбалалы отбасыларды қолдауға бағытталған бірыңғай шаралар пакетін қабылдады. Осы мақсатта көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға қосымша қолдау көрсету бойынша 2021 жылға дейінгі Аймақтық әлеуметтік жол картасы қабылданды. Ағымдағы жылға жоспарланған сома – 32 млрд теңге.

Жол картасы аясында өзінің шағын бизнесін дамытуға қайтарымсыз негізде 1922 грант бөлу, сауықтыру лагерьлерінде аз қамтылған 17 мың баланың демалысын ұйымдастыру, әлжуаз отбасылардан шыққан 25 мыңнан астам оқушыны тегін тамақпен және мектеп киімімен қамтамасыз ету, Қызылорда қаласы бойынша 6800 балаға қоғамдық көлікте тегін жүру мәселелері оң шешімін табуда. Сондай-ақ, әлеуметтік жағынан осал отбасылардан шыққан балаларды жоғары оқу орындарында оқытуға облыс әкімінің қосымша 200 гранты бөлінді.

Бiлiм сапасын арттыру бойынша атқарылған жүйелі жұмыстардың нәтижесі айтарлықтай. 2019 жылы 406 мектеп  бітіруші «Алтын белгі» алды. Бірнеше жыл қатарынан мектеп түлектерінің 97%-ы жоғары оқу орындары мен колледждерге оқуға қабылданды.

Әлеуметтік салаға бөлінетін қаржының жан басына шаққандағы көлемі жағынан Сыр өңірі республикада бірнеше жылдан бері көш басын бермей келеді. Тамыз айында облыстық бюджетті нақтылау барысында денсаулық сақтау, білім беру, спорт, мәдениет саласын дамытуға қосымша 878,0 млн. теңге бағытталды.

Қызылорда құлпырып келеді

Сыр елінің бас шаһары – Қызылорда бүгінгі күні үлкен құрылыс алаңына айналғаны белгілі. 6 жыл ішінде 3 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Осы уақыт аралығында Қызылорда қаласының өзінде жаңа 10 мөлтек аудан, 5 тұрғын үй кешені, 361 тұрғын үй пайдалануға беріліп, 8 мыңға жуық (7709) адам жаңа баспанамен қамтамасыз етілді.

Сырдың сол жағалауында жас отбасыларға жайлы болу үшін  320 орындық балабақша салынды. Мамыр айында ІТ-паркі бар Жастар ресурстық орталығы ашылып, жастардың игілігіне берілді. «Болашақ» университетінің кампусы да аяқталуға жақын. Бұл «Жастар жылында» жастар үшін үлкен сый болды деп ойлаймын. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында биыл облыс көлемінде барлық қаржыландыру көздерінен 1862 пәтерді құрайтын 43 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысын жүргізу жоспарланды.

Маусым айының жайма шуақ күнінде орын алған Арыс оқиғасы бізге бейбіт күннің қадірін бір сәтте білдірді. Бұл оқиғаны барлығымыз үлкен күйзеліспен қабылдадық. Бұл төтеннен келген әрі ел күтпеген жағдай болды. Дегенмен, жұртымыз қазақы дәстүрмен ел болып жұмылып, ауызбірлікпен арыстықтардың жанына сүйеу, көңілдеріне демеу бола білдік. Облыстан арнайы бірнеше автокеруен жасақталып, Арыс халқына 40 тоннаға жуық гуманитарлық көмек жолданды. Облыс бойынша жергілікті атқарушы органдардағы 3 мыңға жуық мемлекеттік қызметші 1 күндік жалақысын аударды. Бұл оқиғадан облыстық ассамблея белсенділері де қалыс қалмай 700 мың теңгеге жуық қаржылай көмек көрсетті.

Арыс қаласын қалпына келтіру мақсатында облысымызға № 6 учаске бөлінгенін білесіздер. Онда 14 көшеде 268 тұрғын үй, 5 әлеуметтік және 10 коммерциялық нысан орналасқан. Қалпына келтіру жұмыстарын орындау үшін 20 құрылыс компаниясы жұмылдырылған болатын. Сырбойылық құрылысшылар Арыс қаласындағы жұмыстарын толығымен аяқтап, ел ықыласына бөленді.  Премьер-Министр Асқар Мамин сыр құрылысшыларына және өңір тұрғындарына қиын жағдайда қолдау жасағаны үшін өз ризашылығын білдірді.

Тағдырлар тоғысы, этностарға шынайы қамқорлық

Ұлы дала төрінде жылдар бойы миллиондаған тағдырлардың тоғысуы, жүздеген этностардың өзара араласуы, дəстүрлері мен өмірлік ұстанымдарының ұштасуы бірегей мəдениетті қалыптастырып, ұлт болып ұйысуға, еңселі ел болуға негіз қалады.

Қазақ елінің бейбітсүйгіш саясаты әрбір қазақстандықтың санасында «бейбітшілік», «тыныштық», «тұрақтылық», «ұрпақ», «болашақ» деген маңызды ұғымдарды қалыптастырды.

Бұл – Тəуелсіздік жылдары қол жеткізген барлық жетістіктерді айқындап, Үшінші жаңғырудың міндеттерін абыроймен орындауға тұғырнамалық негіз бола алады.

Тәуелсіз Еліміздің қуатты мемлекетке айналуында Сіздердің әрбіріңіздің шексіз үлестеріңіз бар!

Қазақстан халқы Ассамблеясыны бүгінгі күні қоғамдық келісім мен ұлттық бірліктің өміршең құралына айналды. Бүгінде 24 жылдан астам даму жолында тарихтың, мәдениет пен тілдің тұтастығы бағытында өз орнын айқындап, елдің аманатын арқалап келеді.

Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен және бастамасымен түрлі форматтағы 96 іс-шара өткізіліп, оған 130 мыңға жуық өңір тұрғындары қамтылды.

Атап айтқанда, этномəдени  бірлестіктердің  мəдени  күндері мен  ұлттық  мерекелер «Наурыз», «Құрбан айт», «Рождество», «Сабантуй», «Сольналь», «Остерн», «Песах», «Масленица», Пасха мерекелері кеңінен атап өтіледі.

Бүгінде облыстық ассамблея өз қызметін бірнеше бағыттар бойынша жүзеге асырады. Олар облыстық этномәдени және аудандардағы этнобағытталған бірлестіктер, ассамблея жанындағы Аналар, Қоғамдық келісім кеңестері, жастар қанаты мен депутаттық топ, «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасы мен ғылыми-сарапшылық топ, қайырымдылық, медиация.

Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық бақылауын жүргізетін Қоғамдық келісім кеңестерінің облыс бойынша саны 165-ке жетті. Кеңестердің құрамында ардагерлер, партия, қоғамдық пікір көшбасшылары, зиялы қауым мен үкіметтік емес ұйым өкілдері бар.

Еліміздегі отбасы құндылықтарын нығайту, дәстүрлі дін мен ұлттық рухты насихаттауда Аналар кеңесінің алар орны ерекше. Облыстағы 118 Аналар кеңесінің бастамасымен жасалған «Ақ орамал», «Аналар аналарға» қайырымдылық акциялары мен қоғамдық-мәдени шаралары, «Шаңырақ» отбасы және «Қыз жібек» қыздар клубының жұмыстарын ерекше атап өтуге болады.

Медиация институтын дамыту бойынша облыс көлемінде жүйелі жұмыстар жасалып, медиаторлардың саны мен олардың сапалық деңгейі артып келеді. Достық үйінде және барлық аудан орталықтарында медиация кабинеттері ашылып, тиімді жұмыс жүргізуде. Облыстық ассамблеяның Достық үйіндегі Медиация кабинетінің жұмысын жетілдіру мақсатында 14 тараппен меморандумға қол қойылды. Есепті кезеңде облыс көлемінде медиация институтын насихаттауға бағытталған барлығы 33 түрлі форматты кездесулер, семинар-тренингтер мен түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылып, оған 2 500-ге жуық адам қамтылды.

Қоғамдық медиаторлармен барлығы 261 дау шешілсе, оның ішінде 78 дау бойынша сотқа дейін, 107 дау бойынша сотта медиациялық келісім орнатылған. Ал 76 дау қоғамдық медиаторлардың кеңес беруі нәтижесінде тоқтатылды. Медиация институтын халық арасында кеңінен насихаттау, оның механизмдерін тарату бағытындағы жұмыстарды жалғастыруымыз керек.

Облыстық «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы төрағасының орынбасары Евгений Демиденко Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХҮІІ сессияда сөз сөйлеп, ең жас спикер атанды. Қазіргі таңда Қазақ-Британ техникалық университетіне оқуға қабылданып, білім алуда. Бұл Қазақстан халқы Ассамблеясының жастарға әлеуметтік баспалдақ қағидатының сапалы әрі мазмұнды орындалып жатқанының айқын көрінісі. Қазіргі таңда қозғалыстың құрамына 50-ден астам белсенді этнос жастары мүшелік етеді. «Жаңғыру жолы» жастары – Елбасының қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік идеясын насихаттап, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға атсалысып келеді.

Басты талап–әлемдік тілдерді меңгеру

Бүгінгі таңда еліміз рухани жаңғыруға бет алып, терең әрі қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басты. Облыстық ассамблея Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында «Қайырымдылық керуені» акциясын, «Ұлы дала елі» тарихи-танымдық экспедициясын және «Сыр елі – достық мекені» этномәдени бірлестіктердің мәдени күндері жобаларын табысты жүзеге асырып келеді.

Сонымен қатар, қазақ мәдениетін, тарихын, философиясын, қазақ елінің құндылықтарын насихаттауға бағытталған «Қазақтану» мәдени-ағарту жобасын іске асыруда. Әлемдік кеңістікте ұлтымыздың табысты болуы оның табиғи байлығынан бұрын адамдарының бәсекеге қабілеттілігімен өлшенеді. Сондықтан, әрбір қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек. Ол – ұлттық намыс, мәдени ашықтық, компьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу.

Осы ретте, «Қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру» арнайы жобасын жүзеге асыру мақсатында этнос өкілдері арасында тілші-ғалымдардың қатысуымен түрлі форматты шаралар ұйымдастырылып, бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде ақпараттық-насихаттық жұмыстар жүргізілуде.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының маңызды бағыттардың бірі − «сананың ашықтығы». Осы ретте, жаһандану үрдісінің басты талабы – әлемдік тілдерді меңгеру екенін айту керек. Бұл бізге әлемге толыққанды араласуға, халықаралық озық тәжірибелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл бағыттағы жұмыстар аясында Достық үйіндегі «тіл оқыту» кабинетінің, Ә.Тәжібаев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының  «корей тілін» оқыту орталығының жұмыстарын атап өтуге болады.

«100 жаңа есім» жобасына өңірімізден ұсынылған қатысушыларды республикалық және жергілікті БАҚ арқылы кеңінен насихаттап, «табыс тарихын» халыққа жеткізуіміз керек. Бұл бағыттағы Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен өткізіліп жүрген «Менің табысымның тарихы» сынды кездесу, пікір-алмасу форматындағы шараларды ерекше атап өтуге болады.

Облыстық ассамблея құрылымдарының облыс орталығында жүргізіп жатқан қарқынды істерін аудандарда да жандандыруымыз керек. Осыған  орай, аудандарда этносаралық татулық пен қоғамдық келісім тақырыптарына арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс беру мәселесін жүйелендіру қажет. Бұл бағыттағы жұмыстар бойынша оң тәжірибелер Сырдария, Жалағаш және Шиелі аудандарында бар. Бұл өз кезегінде өңірдегі этносаралық татулық пен қоғамдық келісімінің нығаюына септігін тигізеді. Бұл жұмыстардың барлығы өңіріміз бен еліміздегі жалпыұлттық бірлікті нығайтуға бағытталған игі істер екенін түсінуіміз керек.

Қоғамдық келісім мен тұрақтылықты сақтау – баршамыздың міндетіміз. Осы бағыттағы жұмыстарды нақты қолға алып, жауаптылықпен қарауға тиістіміз. Аудан, қала әкімдері, басқармалардың, барлық деңгейдегі мекемелердің, құқық қорғау органдарының, жоғары және орта оқу орындарының басшылары Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі мен мақсатын түсіндіру арқылы, ролін нығайтуда жүйелі жұмыстар жүргізетініне сенімдімін.

Сыр елі–достық мекені

Аймақ басшысы атап өткендей, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен әр түрлі форматтағы жүзге жуық іс-шара ұйымдастырылып, өткізілді. Наурыз, Құрбан айт, Рождество, Сабантой, Сольналь, Остерн, Песах, Масленица, Пасха ұлттық мейрамдары мен этномәдени бірлестіктердің мәдениет күндері кеңінен аталып өтіледі. “Сыр елі – достық мекені” жобасы аясында этномәдени бірлестіктердің қатысуымен 30-дан астам іс-шара ұйымдастырылды. Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен өңірде “Қазақтану” республикалық мәдени-ағартушылық жобасы жүзеге асырылды. Бұл жоба Қызылорда облысынан басталды. Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен Байқоңыр қаласының әкімшілігі ұйымдастырған “Халықтар достығы” ұлттық мәдени фестивалі өтті. Бұл – халық бірлігі мен қоғамдық келісімді нығайту мақсатында облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының өткізген ауқымды жұмысының аз ғана бөлігі.

Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVII сессиясында Елбасы орталық және жергілікті мемлекеттік органдарға, Қазақстан халқы Ассамблеясына медиация институтын пайдалана отырып, туындаған даулы мәселелердің алдын алуды және дер кезінде шешуді қамтамасыз етуді тапсырды. Біздің облыста бітімгершілік рәсімдер саласын кеңейтуге бағытталған  жұмыстар жасалуда, медиаторлар саны өсуде… Достық үйінде және барлық аудан орталықтарында медиация кабинеті ашылды.

Қызылорда облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXI сессиясында берілген тапсырмаларға сәйкес, қайырымдылыққа ерекше көңіл бөлінеді. Атап айтқанда, жыл басынан бері меценаттардың қолдауымен 798 қайырымдылық іс-шаралар ұйымдастырылып, 25 мыңға жуық адам 270 миллион теңгеден астам сомаға көмек алды.

Облыстық ассамблея “Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында “Қайырымдылық керуені”, “Ұлы дала елі” тарихи-танымдық экспедициясы және “Сыр елі – достық мекені” этномәдени бірлестіктерінің Мәдениет күндері сияқты жобаларды табысты жүзеге асыруда… Достық үйінің тілдерді оқыту кабинетінің, Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының корей тілін оқыту орталығының жұмысы жақсы сөзге лайық.

Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылымында Қоғамдық келісім кеңестері маңызды буын болып табылады. Біздің облыста облыстық, 2 қалалық, 7 аудандық және 155 кенттік және ауылдық қоғамдық келісім Кеңестері жұмыс істейді. Олар өз отырыстарында жергілікті халықты толғандыратын өзекті мәселелерді қарастыра отырып, қоғамдық бақылау функцияларын орындайды, елді мекендерді абаттандыруға, қайырымдылықты, меценаттықты, еріктілікті, медиацияны дамытуға бағытталған қоғамдық маңызы бар іс-шаралар мен игі істерді ұйымдастырушылар болып табылады. Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңестерінің қызметін қамтамасыз ету бойынша Жол картасын әзірлеп, жүзеге асыруда.

Аймақ басшысы аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдерінің назарын Қоғамдық келісім кеңестерінің жұмысын қолдау, жергілікті қоғамдастықтардың өзекті мәселелерін шешуде олардың рөлін арттыру жөнінде шаралар қабылдау қажеттігіне аударды.

Белгілі болғандай, Қазақстан халқы Ассамблеясы этномәдени бірлестіктерін аккредиттеу жүргізіледі. Әділет органдарында тіркелген 11 этномәдени бірлестіктердің   6-уы аккредиттелді. Екі этномәдени бірлестік аккредиттеу рәсімінен өтуде. Өкінішке орай, қалған бірлестіктер белсенділік танытпайды. Осыған байланысты облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығы мен облыс әкімі аппаратының “Қоғамдық келісім” КММ этномәдени бірлестіктерге ұйымдастырушылық және әдістемелік көмек көрсету қажет.

Өз тарапынан облыс әкімдігі облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының, Достық үйінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға, қоғамда бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар мен жобаларды өткізуге қаржы бөлуге қолдау көрсететін болады. 2020 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясы өзінің 25 жылдығын атап өтеді. ҚХА мерейтойына арналған ең жақсы сыйлық біздің игі істеріміз және жақсы жетістіктеріміз болады.

Облыс әкімі Бірінші Президент-Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша 2019-2022 жылдарға арналған Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары жасалғанын атап өтті. Ол өңірді дамытудың негізгі мәселелерін қамтиды. Атап айтқанда, “Байқоңыр” кешенінде арнайы экономикалық аймақ құру, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, шағын және орта бизнесті қолдау, Халықты әлеуметтік қорғау, Экология, Су шаруашылығы, көлік, тұрғын үй инфрақұрылымы мәселелері…  Қ. Ысқақов қатысушылардың назарын өңірдің даму динамикасына аударды. Атап айтқанда, құрылыс қарқыны екі жарым есе өсті. Нәтижесінде облыста 10 жаңа шағын аудан пайда болды, 361 тұрғын үй, бес тұрғын үй кешені пайдалануға берілді, сегіз мыңға жуық қызылордалық тұрғын үй алды. “Баламекен” жобасы аясында аз қамтылған көп балалы отбасылар үшін Болат Өтемұратовтың қайырымдылық қорының қаражаты есебінен үйлер салынды. Сырдария өзенінің сол жағалауындағы құрылыс жұмыстары белсенді жүргізілуде. Ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлік саласында да елеулі жетістіктер бар…

Сессияда Жалағаш ауданының әкімі, облыстық ҚХА мүшесі Қайратбек Сәрсенбаев, Ресей Федерациясы Шешенстан Республикасы Серновод аграрлық-техникалық колледжінің оқытушысы Ислам Губанов,        Қорқыт ата атындағы ҚМУ “Археология және этнография” ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі, тарих ғылымдарының кандидаты Әзілхан Тәжикеев, “Жомарт” қоғамдық бірлестігінің еріктісі, ағылшын тілінің оқытушысы Ольга Сивцова сөз сөйледі., Қармақшы ауданы ІІІ Интернационал ауылындағы №108 орта мектептің орыс тілі пәнінің мұғалімі Аида Мұтиева, “Жаңғыру жолы” жастар қозғалысының белсендісі Константин Луца, теледидар арқылы – экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі комитеттің мүшесі Геннадий Шиповских.

Спикерлер бейбітшілік пен келісімді нығайту, ұлттық құндылықтарды сақтау, әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу, қоғамдық даму мәселелері бойынша өз пікірлерімен бөлісті.

Мысалы, Ислам Ғұбанов атап өткендей, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен шешен халқының жер аударылуының 75 жылдығына орай шешен Республикасымен достық қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған “Батыс ағын” бірлескен жобасы жүзеге асырылуда. Ислам әкесі Вахид Ғұбанов 1932 жылы Шешен-Ингуш АССР-де дүниеге келген және 1944 жылы өз жерлестерімен бірге Қазақстанға Жосалы кентіне жер аударылған. Алпыс жылға жуық Вахид Губанов Жусалин механикалық зауытында жұмыс істеді. “Жосалы, менің екінші Отаным”, – деді Вахид ата. – Мұнда менің ата-анам жерленген”. Ислам Ғұбанов қазақ халқына қиын жылдары әкелері мен аталарына көрсеткен жылы қабылдауы үшін ризашылығын білдірді.

Ольга Сивцова еріктілерді даярлау орталықтарын құру, әлеуметтік желілерде волонтерлік инфрақұрылымды құру қажеттілігі, азаматтардың, әсіресе студенттер мен оқушылардың ерікті қызметке қатысуын кеңейту қажеттілігі туралы айтты.

Сессияда облыстың этномәдени бірлестіктері белсенділерінің тобына облыс әкімінің алғыс хаттары табыс етілді.

МИУА БАЙНАЗАРОВА 

                     ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.