Шылым — қатерлі дерттің ошағы

0
932

Денсаулық сақтау ұйымының берген мәліметтері бойынша, әлемде орташа есеппен әрбір алты секунд сайын шылым шегуге байланысты бір адам өлсе, ал жыл сайын осындай себеппен 5 млн адам көз жұмады.

Егер шылым шегу таралуының арту деңгейі төмендемесе, 2020 жылғы болжамға сәйкес жыл сайын 10 млн адам өледі деген қауіп бар, онда 2030 жылы шылым шегу ерте өлімге әкелетін ең күшті факторлардың біреуіне айналуы мүмкін.
Қазақстанда шылым шегушілер халықтың 37 пайызын құрайды және жыл сайын шылым шегуден 25 мың адам көз жұмады. 2012 жылғы 5-ші Ұлттық зерттеудің мәліметі бойынша ҚР-да ересектер арасындағы темекіні шегушіліктің тарауы – 26,5 пайыз, пассивті шегу 62,2 пайыз, шегуді тастамағандар – 25,9 пайыз, темекіні күн сайын шегетіндер— 20,3 пайызды құрайды.
Жасөспірімдер мен балалар арасында темекі шегудің таралуы – 6,5 пайызды, үйде пассивті шегу – 12,5 пайызды, басқа орындарда – 14,5 пайызды құраған. Осыған сәйкес, елімізде қоғамдық орындарда шылым шегуге және 21 жасқа дейінгілерге ішімдікті сатуға шек қоятын халық денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі жөнінде Кодекс күшіне енді. Бұдан басқа, өзіндік қамтамасыз ету орындарында 18 жасқа толмаған жасөспірімдерге шылымды сатуға шек қойылды және жалпыға бірдей қоғамдық орындарда шылым шегуге тыйым салынды.
Қоғамдық орындарында тек арнайы жерлерде ғана шылым шегуге рұқсат. Көпшілік шылым шегудің денсаулыққа зияндылығын білсе де, бұл әдеттен бас тартқан емес және бұл ең басты қателік болып табылады.
Шылым шегу – адамнан арнайы дайындықты талап етпейтін зерігуді басатын ең оңай тәсіл. Оған құмартқан адам өмірбойы тәуелді болып, ешқашан бас тарта алмайды. Шылымның химиялық құрамына 4000-ға жуық химиялық қосылыстардан тұрады. Олардың кейбіреуі канцерогенді, яғни генетикалық бұзылыстар мен қатерлі ісік ауруларын тудыруы мүмкін. Шылымның ең басты құрамының бірі – никотин.
Никотин – ең қауіпті ағзаны улайтын улардың бірі. Адамға никотиннің қауіпті мөлшері 50-ден 100 мл-ге дейін немесе 2-3 тамшыны құрайды. Дәл осындай мөлшер күн сайын қанға 20-25 шылымды шеккеннен кейін түседі. Бір шылымда шамамен 6-7 мл никотин болады, олардың 3-4 мл қанға түседі. Ағзада никотин алмасу процесі іске қосылып, ол қажеттілікке айналады, сондықтан никотиннің аздаған мөлшерінің жүйелік сіңуі шылым шегуге құштарлықты шақырады.
Қарапайым шылымның құрамында никотиннен басқа да радиоактивті элемент – поллоний болады, сондықтан күніне темекінің 1-2 қорабын тартқан адам шамамен 8-9. бәр мөлшерінде радиациямен сәуле алады, яғни орташа шылым шегуші бір жылда 250-300 рентген процедурасына тез эквиваленттік мөлшерде сәулелену дозасын алады. Шылым шегудің әсерінен бүйрек пен қуық, жыныс бездері, қантамырлары, бас-ми, бауыр қызметі бұзылысқа ұшырайды. Шылыммен зақымдалмайтын мүше жоқ. Ұзақ және көп шылым шегетіндер 13 есе – жиі стенокардиямен, 12 есе – миокард инфарктісі, 10 есе – асқазан жарасы және 30 есе – өкпенің қатерлі ісігімен ауырады. Шылым шегу – өкпе рагі дамуының басты себептерінің бірі, әсіресе «шайырдың (смола) жоғары шығуымен» болатын шылымды қолданғанда бұл аурумен аурудың қаупі өте жоғары.
Халықаралық қатерлі ісіктер зерттеу орталығының мәліметі бойынша жыл сайын өкпенің қатерлі ісігінен 1 млн адам өледі. Дамыған елдерде өкпенің қатерлі ісігінің барлық жағдайларын ерлерде 90% шылым шегу есебінен жатқызуға болады. Шылым шегу қатерлі ісіктердің тек өкпеде емес, сонымен қатар басқа да мүшелерде даму қаупін арттырады. Өкпенің қатерлі ісігінен кейін шылым шегу себебінен ерін, тіл, ауыз қуысы, кеңірдек, өңеш, қуықтың қатерлі ісігінің даму мүмкіндігі жоғары. 50 жаста және одан үлкендерде қатерлі ісік 8 шылым шегетіндердің біреуінде кездессе, ал шекпейтіндерде ол көрсеткіш 200 адамның тек біреуінде ғана кездесуі мүмкін. Шылым шегетін орындарда балалар тыныс алса, көбінесе тыныс алу мүшелерінің ауруларымен ауырады. Шылым шегетін ата-ананың балаларында өмірінің алғашқы жылында бронхит пен пневмония жиілігі артып және қауіпті аурулар дамуының жиілігі жоғарылайды. Шылым түтіні өсіп келе жатқан ағзаға маңызды күннің ультра күлгін сәулелерін ұстайды, зат алмасуына әсер етеді, қанттың ағзада игерілуін нашарлатады, өсу кезеңіне қажетті С витаминін алмасуын бұзады. Жасөспірімдердің шылым шегуі бірінші кезекте жүйке мен жүрек-қан тамыр жүйелерінде көрінеді. 12-15 жаста олар физикалық жүктемедегі ентікпеге шағымданады. Көп жылдар бойы бақылаулар қорытындысымен француз дәрігері Декалнзе 100 жыл бұрын, тіпті аздаған шылымның балаларда қан аздық, асқортудың бұзылысын шақырады деген тұжырымға келді. Шылым шегушінің жүрегі тәулігіне 15 мыңнан көп жиырылады, ол ағзаның оттегімен және басқа да қажетті заттармен қоректенуі нашарлатады, себебі шылым әсерінен жасөспірімдердің қан тамырлары тарылады. Сондықтан шылым шегетін балалардың есте сақтау қабілеті төмендейді. Олардың арасында үлгерімі нашар балалар кездеседі. Көміртегі оттегінің тасымалдаушысы болатын гемоглобинмен байланысқа түседі. Шылым шегу себебінен қанда оттегінің құрамы кенет төмендейді. Ал мұны жасөспірімнің бас миы өте ауыр көтереді. Шылым құрамында кездесетін аммиак ауыздың, кеңірдек, көмей, бронхтың шырышты қабатын тітіркендіреді. Сондықтан шегетіндерге жиі тістің босауы, ауызда жаралар, жиі аран зақымдалып, баспаның туындауына әкеледі. Ұзақ шылым шегуден дауыс жалғамасын тарылып, дауыстың қарлығуы пайда болады. Бірнеше жылдар бойы ғалымдар 200 шылым шегетіндер мен 200 шылым шекпейтіндер мектеп оқушыларына бақылау өткізді.
Сонымен қатар қыздардың ағзасына шылым аса күшті әсер етеді: «тері солып» нәзіктігінен айырылады, дауысы жуандап, қарлығып, тұрақты жөтел пайда болады. Бірінші рет шылым шеккенде тамақ жыбырлап, жүрек тез соғып, ауызда жағымсыз дәм пайда болады. Барлық жағымсыз сезімдер бірінші шылым шегумен байланысты және ол босқа емес. Неге? Бұл ағзаның қорғаныс реакциясы және оны тез арада түсіну керек – ол сіздерді шылым шегу қатерлі дертке ұрындырмастан бұрын бас тартуыңыз керек деген сөз.

Қанат Хамзин,
Салауатты өмір салтын
қалыптастыру орталығының үйлестірушісі

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.