Ұлттық банк тек қажет болса ғана Ұлттық қорға жүгінуі керек

0
1009

15 қазан күні экономикалық мәселелер бойынша жиналыс өткізген мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Стратегиялық бағдарламаларды сапалы жүзеге асырудың негізгі міндеті – халықтың өмір сүру деңгейін арттырғанда ғана орындалады. Шағын және орта бизнес экономиканы әртараптандыру ісінде тірек күшке айналуы керек. Индустрияландыру бағдарламасы өнеркәсіп өндірісі мен өңдеу секторындағы құлдырауды тоқтатып, жаңа өнімдерді шығаруға мүмкіндік ашқанымен, экономика саласында түпкілікті серпіліс болған жоқ. Инвестиция тарту ел экономикасын жаңғыртудың аса маңызды міндеті. Біз инвестициялық ахуалды үнемі жақсартып келеміз, бірақ айтарлықтай серпін байқалмайды. Шетел инвестициясын тартуда тек фискалды ынталандырулар ғана маңызды емес. Ұлттық қордан бөлінетін трансферттерді біртіндеп азайту қажет. Ұлттық банк оған аса қажеттілік туындаған жағдайда ғана жүгінуі керек. Үкімет бірінші кезекте республикалық бюджеттің кіріс бөлігіне назар аударуы қажет. Ұлттық банк Ұлттық қордағы инвестициялық табыстың түсімін арттыру мақсатында қаражатты басқару жолдарын қайта қарастыруға міндетті. Активтерді дұрыс басқару Ұлттық қордың көлемін айтарлықтай арттыра алады. Ұлттық банк қазір жүргізіп отырған саясатқа шұғыл түрде түзетулер енгізу керек.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.