Тоқаев пен Путин Омбыда кездесті

0
1574

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өткен аптада Қазақстан мен Ресейдің XVI өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысты. Шекара маңы ынтымақтастығын дамытудың өзекті мәселелеріне арналған форум жұмысын-да өңірлер мен облыстардың басшылары, салалық мемлекеттік органдар мен екі елдің іскер топтарының өкілдері болды. Форумның мемлекеттер арасындағы өзара ықпалдастықты дамытуға бағытталған игі дәстүрге және толыққанды механизмге айналғанын, өткен жылдардағы ынтымақтастықтың нәтижесі осының айқын дәлелі екенін Қазақстан президенті атап өтті.
Баяндамада екі елдің өндірістік кооперациясы саласындағы Бірлескен іс-қимылдар бағдарламасының маңызды рөл атқаратынына баса мән берілді. Президент салалық министрліктерді, өңірлерді, экспортты дамыту және қолдау институттарын үшінші елдердің нарықтарына бірлесе шығу кезінде өзара белсенді іс-қимыл жасауға шақырды. Сонымен қатар ол екі елдің бақылаушы органдарының арасында тығыз ынтымақтастық орнату пайдалы деп санайтынын алға тартты. Қасым-Жомарт Тоқаев сөзінің соңында экологиялық проблемаларды шешудің маңыздылығын айта келе, келесі өңіраралық форумды 2020 жылы Көкшетау қаласында өткізуді, сондай-ақ, оның тақырыбын «Экология және жасыл өсім саласындағы ынтымақтастық» деп атауды ұсынды. Форум қорытындысы бойынша көптеген құжаттарға қол қойылды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.