Шешімдер орындалуымен маңызды

0
96

Қ.Тоқаев: «Қолданыстағы заңның «жала жабу» бабын Қылмыстық кодекстен алып тастап, Әкімшілік кодекске ауыстыру қажет, митингілерді өткізудің ережесі «ескерту» формасына көшу керек, ол үшін арнайы заң жобасы дайындалып, парламентке жолданады. Елдегі «саяси партияны тіркеу үшін 40 мың мүшесі болуы керек» деген заңнама талаптарын өзгертіп, төменгі шекті 20 мыңға дейін азайтуды ұсынамын». Саясаткер Жанболат Мамай: Митинг өткізу бір жерге байланып қалмауы тиіс қой. Заңда: «Бейбіт жиынды кез келген жерде өткізуге болады, тек стратегиялық маңызы бар әскери нысандардың жанында өткізуге болмайды»,— деп жазылуы керек қой. Митингілер туралы жаңа заңда — ұйымдастырушылар материалдық міндеттеме алуы керек деген мәселе көтерілген. Яғни, митингіні өткізесіз, артынша сол маңайда орналасқан кафелер, мейрамханалар, коммуналдық қызметтер сізге қарсы миллиондаған айыппұлдар салғызады. Сіздің кесіріңізден «жұмысымыз тоқтады, шығын келді,т.б.» осындай арыз-шағымдар қардай борап, басыңыз бәлеге қалады. Соттан көз ашпайсыз. Мұндай жағдайда митниг өткізу түгілі, есі бар адам: «Бастан құлақ садақа», – деп, бәріне қолды бір-ақ сілтемей ме. Осы принцип орыстарда қатты жұмыс істейді. Осыған ұқсас шектеуді бұл заңға да кіргізеді. Тоқаев партия құру үшін адам санын 40 мыңнан 20 мыңға түсіргенімен, Әділет министрлігі жаңа саяси партияларды тіркемейді. Партияны тіркеудегі негізгі мәселе — қол жинау ғана емес. Оның басқа да бюрократиялық тосқауылдары көп (бастамашыл топ құру, қол жиналған соң Әділет министрлігінің жауап беру мерзімін нақтылау, т.б). Инвестор Марғұлан Сейсембай: «Тоқаевтың ұсыныстары жақсы. Бірақ оны бұл шешімдері үшін ұлықтап қажет емес, бұл — қоғам талабы болғандықтан қабылданған шешімдер. Шешiмдердiң ең маңыздысы — оның орындалуы. Ал бұл жерде көптеген кедергiлер мен бұл шешiмдердi бұғаттаудың астыртын күресi болады. Сондықтан бiз қоғам болып ендi бұл шешiмдердiң дұрыс жүзеге асуын қадағалауымыз керек». «Oyan, Qazaqstan» қозғалысының мәлімдемесінен: «Митингіге шыққандар авторитарлық жүйеге қарсы реформаны талап етті. Қоғам мен билік арасындағы сенім үшін қоғамның сөзін сөйлейтін парламент қажет. Бірақ оған жету үшін алдымен әділ сайлау жүйесі мен саяси бәсекелестік қажет.

Ермек Сахариев

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.