Араб әмірліктеріндегі кездесу не берді?

Араб әмірліктеріндегі кездесу не берді?

«Қазақстан Орталық Азия мен Каспий өңіріндегі толыққанды көлік хабына айналуға ниетті». Мемлекет басшысы Abu Dhabi Ports Group компаниясының бас директоры Мұхаммед әл-Шамисимен кездескенде осылай деді.

Кездесу барысында көлік және логистика саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыру перспективалары талқыланды. Президент Abu Dhabi Ports Group компаниясының Каспий теңізіндегі теңіз және порт инфрақұрылымын дамытып, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясымен стратегиялық серіктестік орнату жөнінде келісімге қол қою жоспарын құптады. Мемлекет басшысы Қазақстанның Орталық Азия мен Каспий өңіріндегі толыққанды көлік хабына айналуға ниетті екенін және көлік бағыттарын әртараптандыру жұмыстарын жүргізіп жатқанын жеткізді. Атап айтқанда, еліміз Транскаспий халықаралық көлік бағыты мен Солтүстік-Оңтүстік көлік дәлізін белсенді дамытып келеді. Мұхаммед әл-Шамиси кездескені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, қазақстандық компаниялармен ынтымақтастық орнату жоспары туралы айтты. Abu Dhabi Ports компаниясы Каспий теңізі мен жалпы өңірдің көлік-логистика саласында өзара тиімді серіктестік орнатып, түрлі теңіз қызметі мен шешімдер ұсынуды көздеп отыр.

Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК
23.01.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЖАҢААРЫҚТАҒЫ ДОП ДОДАСЫ
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі - 20.05.2024 47
Семейде бір ай бұрын жоғалған қыз өлі табылды
Альфия Адамбек, Turkistantvkz инстаграм парақшасы - 19.05.2024 88
 ШАРДАРАЛЫҚ КӘСІПКЕР БІРНЕШЕ ЦЕХТЫ ІСКЕ ҚОСПАҚШЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 18.05.2024 59

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1597
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7631
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11510
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7674
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7831