Алматы қаласы Айгерім ықшам ауданындағы №149 мектепте ардагерлер арасында көркемөнерпаздар байқауы ұйымдастырылды. Іс-шараны «Алатау ауданы ардагерлер кеңесі» өткізді. Байқауға ауданның зейнеткерлері мен ардагерлері қатысып, ән, би, терме және көркемсөз оқу бағыттарында өз өнерлерін көрсетті. Қатысушылар жоғары дайындықпен келіп, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Іс-шараның негізгі мақсаты – ардагерлердің шығармашылық қабілеттерін дамыту, олардың мәдени өмірге белсене қатысуын қамтамасыз ету және ұлттық құндылықтарды насихаттау. Байқау қорытындысы бойынша үздік өнер көрсеткен қатысушылар «Алатау ауданы ардагерлер кеңесі» атынан Алғыс хаттар мен естелік сыйлықтарға ие болды.

Байқауға 17 ықшам ауданнан 200-ден астам ардагер қатысты. Сайыс тартысты өтті. Жарыстың соңында 12 номинация бойынша Алатау ауданы әкімінің дипломы мен ақшалай сыйлық табысталды.
Нәтижелер:
1-орын – Дархан ықшам ауданы ардагерлері
2-орын – Айгерім ықшам ауданы ардагерлері
3-орын екеу – Шаңырақ-1 және Қарасу ықшам аудандары ардагерлері
Іс-шара қатысушылар мен көрермендерге ұмытылмас әсер қалдырып, ардагерлердің шығармашылық әлеуетін кеңінен көрсетуге мүмкіндік берді.













