Астана, су тасқынына дайындық қалай?

Астана,  су тасқынына дайындық қалай?

Көктем қыр астында. Ақпан айы – қыстың соңы. Әрине, Астанаға көктем кеш келеді десек те, су тасқынына дайындық өз уақытында жүргізілуі керек. Әйтпесе жылдағы сарсаң басталады. Себебі Сарыарқаға қар көп жауады. Биыл да Астана қаласы қар құрсауында. Астанада қар тазалау жұмысына 2,4 мыңнан астам жұмысшы жұмылдырылған.

Елорданың коммуналдық қызметі тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеп жатқанын да айта кеткен жөн. Жолдарды, тротуарларды, гүлзарлар мен алаңдарды тазалауға күн сайын 2,5 мыңға жуық жұмысшы мен 2 мыңға жуық техника жұмылдырылады.

12 ақпан күні таңертең қар тазалау жұмысына 2,4 мыңнан астам жол жұмысшы және 1,5 мыңнан астам арнайы техника жұмылдырылыпты.

11 ақпаннан 12 ақпанға қараған түні елордадан 34 мың текше метр қар шығарылды, бұл шамамен 2,5 мың ауыр жүк көлеміне тең.

Қыс мезгілінің басынан бастап қар полигондарына 320 мыңға жуық рейспен 4,3 млн текше метрден астам қар шығарылған.  Осы орайда елорда әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында су тасқынына қарсы іс-шаралар қалай жүргізіліп жатқаны туралы мәлім етті.

«Қалада су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Жыл басынан бері 15,5 мың текше метрге жуық арық-науа желісі, 600-ге жуық бақылау және жаңбыр қабылдау құдығы тазартылды, 160 текше метр коллекторлар және т.б. жуылды. Коммуналдық қызметтер шамамен 4,3 млн текше метр қар шығарды. Қалада су тасқыны қаупі бар учаскелер саны өткен жылдармен салыстырғанда 20-ға дейін азайды. Азаматтық қорғау органдары, коммуналдық қызметтер және т.б. тұрақты дайындыққа келтірілді, – деді ол.

Осыған орай су тасқыны қаупі бар учаскелер мен елді мекендерде қарды уақытылы күреуді бақылауға алуды, су өткізгіш құбырларды тазалауды, нөсер кәрізінің жүйесін салуға ерекше назар аударуды тапсырғанын жеткізді.

Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК
17.02.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЖАҢААРЫҚТАҒЫ ДОП ДОДАСЫ
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі - 20.05.2024 32
Семейде бір ай бұрын жоғалған қыз өлі табылды
Альфия Адамбек, Turkistantvkz инстаграм парақшасы - 19.05.2024 66
 ШАРДАРАЛЫҚ КӘСІПКЕР БІРНЕШЕ ЦЕХТЫ ІСКЕ ҚОСПАҚШЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 18.05.2024 53
СОЗАҚТА БАЛЫҚ ӨСІРУДІ  ЖОЛҒА ҚОЙҒАН КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ САНЫ АРТТЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 18.05.2024 38

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1589
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7623
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11502
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7665
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7824