«Әулиеата жастары» тұрғын үй бағдарламасы биыл да жалғасады

«Әулиеата жастары» тұрғын үй бағдарламасы биыл да жалғасады

Жамбыл облысында үшінші жыл қатарынан жүзеге асып келе жатқан «Әулиеата жастары» тұрғын үй бағдарламасы биыл да өз жалғасын табады.

Тұрғын үйді несиелендіру бағдарламасын жүзеге асыруға екі миллиард теңге бөлініп, оның жартысы жергілікті бюджеттен қаралса, тағы бір миллиарды «Отбасы банкі» тарапынан бөлінген. Нәтижесінде биыл 135 жасты баспанамен қамтамасыз ету жоспарлануда.

Қазіргі таңда тараптар арасында келісім жасау жұмыстары жүргізілуде.

Айта кету керек, былтырғы жылы 144 жас аталған бағдарлама аясында баспаналы болған еді.

Бүгінгі күні облыста 14 пен 35 жас аралығында 354 мыңнан астам жас тұрады. Бүл облыс тұрғындарының 29,0 пайызын құрайды.

Өңірде аталған бағдарлама арқылы көптеген жастың арманы орындалып, баспана мәселесі шешімін тауып келеді.

Жамбыл облысы әкімдігі
06.04.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЖАҢААРЫҚТАҒЫ ДОП ДОДАСЫ
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі - 20.05.2024 37
Семейде бір ай бұрын жоғалған қыз өлі табылды
Альфия Адамбек, Turkistantvkz инстаграм парақшасы - 19.05.2024 71
 ШАРДАРАЛЫҚ КӘСІПКЕР БІРНЕШЕ ЦЕХТЫ ІСКЕ ҚОСПАҚШЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 18.05.2024 56

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1593
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7626
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11504
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7667
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7826