«Ауыл – ел бесігі» экспедициясы жолға шықты

«Ауыл – ел бесігі» экспедициясы жолға шықты

Халықаралық «Qazaqstan dauiri» газеті, республикалық «Мөлдір бұлақ» балалар журналы, республикалық әлеуметтік-қоғамдық «Елана» ақпараттық агенттігі мен саяси партиялар, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлескен «Ауыл – ел бесігі» дәстүрлі экспедициясы Жамбыл облысында өз жұмысын бастады.

Еліміздің барлық аймағында негізінен жылына екі рет өтетін экспедиция биыл бағытын тағы бір үлкен мәселеге бұрды. Ол – ұрпақ тәрбиесі, ұмыт бола бастаған ұлттық құндылықтар.

4-15 мамыр күндері аралығында болатын осы ауқымды бастаманың аясында Жамбыл облысы әкімдігінің қолдауымен аймақтың барлық ауданында және Тараз қаласында «Ұлттық идеологияның қайнар көздері» атты көшпелі «дөңгелек үстел» ұйымдастырылады. 

Экспедицияның алғашқы қадамы облыс әкімі Нұржан Нұржігітовпен кездесуден басталды. Аймақ басшысы Әулиеата өңірінде 26-27 сәуір күндері өткен «Zhambyl Economic and Investment Forum-2023» халықаралық экономикалық және инвестициялық форумының қорытындысын қысқаша айтып өтіп, форумнан үлкен нәтиже күтетінін жеткізді. Одан кейінгі әңгіме экспедицияның бағдарламасы жайында өрбіді. 

Толығырақ газетіміздің келесі санынан оқи аласыздар. Сондай-ақ экспедицияның бір тобы Қостанай облысында жүр. Сапарларыңыз сәтті болсын, әріптестер!

 

ЖАСҰЛАН СЕЙІЛХАН, Жамбыл облысы
04.05.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЖАҢААРЫҚТАҒЫ ДОП ДОДАСЫ
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі - 20.05.2024 29
Семейде бір ай бұрын жоғалған қыз өлі табылды
Альфия Адамбек, Turkistantvkz инстаграм парақшасы - 19.05.2024 58
 ШАРДАРАЛЫҚ КӘСІПКЕР БІРНЕШЕ ЦЕХТЫ ІСКЕ ҚОСПАҚШЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 18.05.2024 51
СОЗАҚТА БАЛЫҚ ӨСІРУДІ  ЖОЛҒА ҚОЙҒАН КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ САНЫ АРТТЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 18.05.2024 37

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1585
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7618
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11496
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7661
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7820