Балықтардың тынысы тарылмасын...

Балықтардың тынысы тарылмасын...

«Астанада Есіл өзенінде қыс мезгілінде балық қорын сақтау бағытында жұмыс жүріп жатыр», – деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жұмысты «Есіл-Астана» кеме қатынасы компаниясының мамандары орындап жатыр. Олардың айтуынша, қалың мұз бен қардың салдарынан суда оттегінің мөлшері азайып, бұл балықтардың қырылуына әкелуі мүмкін.

– Біз суды оттегімен қанықтыруға, мұз астында жиналатын зиянды газдарды шығаруға және су айдынындағы тұрақты оттегі режимін сақтауға мүмкіндік беретін аэрация жұмысын жүргізіп жатырмыз. Сонымен қатар көктемгі кезеңде мұндай шаралар табиғи экологиялық тепе-теңдікті қалпына келтіруге және пайдалы биологиялық үдерістердің жандануына ықпал етеді. Жұмыстарды орындау үшін арнайы жабдықтар қолданылады: мұз бұрғылары, сағатына 80 текше метрге дейін өнімділігі бар мотопомпалар, армирленген шлангілер. Іс-шараларға жеті маман мен екі қызметтік автокөлік тартылған, – деді елордалық Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының қызметкері Жанар Сәдуақасова. Сонымен қатар мамандар қамысты орып, оны ойықтарға орнату жұмысын да жүргізіп жатыр, бұл судың оттегімен қосымша қанығуына ықпал етеді.

– Қазіргі уақытта қамыстан жасалған баулар орнатылды. Жұмыс өзеннің төрт учаскесінде аяқталды: «Арқар» көпірінен «Марал» көпіріне дейін, «Қараөткел» көпірінен «Атырау» жаяу жүргіншілер көпіріне дейін, «Серуен» жаяу жүргіншілер көпірінен «Тұлпар» көпіріне дейін, сондай-ақ «Тұлпар» көпірінен газ жабдықтары ауданына дейін. Барлығы 16 ойық, 840 тесік және 32 мұзойық жасақталды, – деп қосты басқарма өкілі. 

Жүргізіліп жатқан шаралар Есіл өзеніндегі оттегі режимін жақсартуға, биоалуантүрлілікті сақтауға және су тіршілігі үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.

 

Бетті дайындағандар – Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК,

Ерқазы СЕЙТҚАЛИ

 

23.01.2026

Ұқсас жаңалықтар

Бауырлас елдерді барласақ
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 15.01.2026 505

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 22690
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 22444
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 38301
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 36016
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 40076