Боррель жер сілкінісі жайлы мәлімдеме жасады

Боррель жер сілкінісі жайлы мәлімдеме жасады

Жозеп Боррель Түркиядағы жер сілкіністеріне байланысты қайғысын білдірді.

Еуропа Одағы сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі  Жозеп Боррель Түркиядағы жер сілкіністеріне байланысты қайғысын білдіріп, Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлумен байланыста болғандарын және Еуроодақ елдері ретінде қолдарынан келгенін жасап жатқандарын айтты.

Боррель Бельгияның астанасы Брюссельде түрік журналистеріне мәлімдеме жасады.

6 ақпанда эпицентрі Кахраманмарашта болған 7,7 және 7,6 балдық жер сілкінісінде қаза тапқандарға көңіл айтқан Боррель «Мен жер сілкінісі үшін қатты қайғырдым. Бұл үлкен трагедия. Мен досым (Сыртқы істер министрі) Мевлүт Чавушоғлумен хабарласып тұрмын. Қолымыздан келгенше іздеу-құтқару топтары және медициналық құралдар сияқты көмектерді жіберіп жатырмыз. Еуропа Одағына мүше барлық елдер талпыныс көрсетуде» деген сөздер қолданды.

Боррель екіжақты қарым-қатынастарды бағалай отырып, «Түркия мен Еуропа Одағының қарым-қатынастары өте маңызды» деп көрсетті.

Түркияның Шығыс Жерорта теңізі, Ливия, Кавказ және Украина сияқты күрделі аймақтың орталығында екенін еске салған Боррель Түркияның маңызды актер екенін және Қаратеңіз астық келісімінде маңызды рөл атқаратынын айтты.

08.02.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЖАҢААРЫҚТАҒЫ ДОП ДОДАСЫ
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі - 20.05.2024 47
Семейде бір ай бұрын жоғалған қыз өлі табылды
Альфия Адамбек, Turkistantvkz инстаграм парақшасы - 19.05.2024 88
 ШАРДАРАЛЫҚ КӘСІПКЕР БІРНЕШЕ ЦЕХТЫ ІСКЕ ҚОСПАҚШЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 18.05.2024 59

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1597
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7631
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11510
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7674
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7831