ДӘРІГЕРЛЕР ҚҰТҚАРУШЫЛАРҒА СУ БАСҚАН АУЫЛДАРДЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫН ЭВАКУАЦИЯЛАУҒА КӨМЕКТЕСУДЕ

ДӘРІГЕРЛЕР ҚҰТҚАРУШЫЛАРҒА СУ БАСҚАН АУЫЛДАРДЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫН ЭВАКУАЦИЯЛАУҒА КӨМЕКТЕСУДЕ
Бұл күндері су тасқынына қарсы күрес кезінде медицина қызметкерлері ТЖМ қызметімен қатар су басқан аудандардың тұрғындарын шығаруға көмектесуде.
Ақтөбе облысы Әйке ауылының дәрігерлік амбулаториясының медицина қызметкерлері Жүргенев ауылының 530 тұрғынын аудан орталығына қайықпен эвакуациялауға көмектесті. Олардың арасында көптеген қарттар мен балалар, жүкті әйелдер бар. Олардың барлығы жергілікті дәрігерлік амбулаторияда жұмыс істейтін мейіргерлер Бақытжанова Ақнұр мен Аймағанбетова Арайлымның сенімді бақылауында болды.
Ақмола облысындағы Красный Яр ауылының медициналық-санитариялық алғашқы көмек орталығының дәрігерлері медициналық ұйымдар мен азық-түліктен айырылған зардап шеккендерге қолдан келген көмекті көрсету үшін Қызыл Жұлдыз кентіне барды.
Терапевт және кардиолог дәрігер елді мекен тұрғындарын қарап-тексеріп, дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етті. Сонымен қатар, дәрігерлер 16 отбасына азық-түлік берді.
Шағын ауыл тұрғындарының негізгі бөлігі – медициналық бақылауды, кез келген басқа көмекті қажет ететін егде жастағы адамдар, зейнеткерлер екенін айта кеткен жөн.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
09.04.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЖАҢААРЫҚТАҒЫ ДОП ДОДАСЫ
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі - 20.05.2024 37
Семейде бір ай бұрын жоғалған қыз өлі табылды
Альфия Адамбек, Turkistantvkz инстаграм парақшасы - 19.05.2024 71
 ШАРДАРАЛЫҚ КӘСІПКЕР БІРНЕШЕ ЦЕХТЫ ІСКЕ ҚОСПАҚШЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 18.05.2024 56

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1593
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7626
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11504
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7667
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7826