Енді жер асты суларын пайдалану үлесі жоғарылайды

Енді жер асты суларын пайдалану үлесі жоғарылайды

Су ресурстары және ирригация министрлігі өздерінің сайттарында маңызды жоспарларымен бөлісті. Яғни алдағы уақытта жер асты суларын пайдалану үлесі арта түсетін болады.

«Бүгінгі таңда ауылшаруашылығы саласына тәулігіне 40 мың тоннадан астам су немесе ел аумағында жинақталатын жалпы су қорының 60%-ы жұмсалады. Оның ішінде жерасты суларының үлесі 1,2% немесе тәулігіне 548 тонна», – дейді аталмыш министрліктің баспасөз қызметі. Елімізде су тапшылығы мәселесі көрнекті орнында тұрғандығын ескерсек, бұл кезек күттірмес жағдай деуге негіз бар. Мамандар болашақта Орталық Азияда, соның ішінде Қазақстан аумағында су тапшылығы мәселесі анық біліне бастайды деп дабыл қағып келе жатқанына көп болғаны белгілі. Осындай толғақты түйінді шешу үшін Президентіміз өзінің Жолдауында Су ресурстары және ирригация министрлігін құруды тапсырған еді. Сол тапсырма негізінде құрылған минситрлік қазіргі таңда бұл саланы мықтап қолға ала бастады. Енді құзырлы мекеменің алдағы жоспарына құлақ түрейік.

Бірінші кезеңде экономикалық тиімділігін ескере отырып, жерасты суларының үлесін 10-15% дейін арттыру жоспарлануда. Айта кету керек, Қазақстан аумағында пайдалануға болатын жерасты суының қоры шамамен тәулігіне 43 мың тоннадан артық. Оның ішінде тәулігіне 19 мың тоннаға жуығын ауылшаруашылығында тиімді пайдалануға болады. Суаруға арналған жерасты сулары қорының көп бөлігі Алматы, Павлодар, Шығыс Қазақстан және Жамбыл облыстарында барланған.

«Суармалы жерлердің көлемін ұлғайту үшін су үнемдеу технологияларымен қатар жерасты суларын пайдалану үлесін арттыру қажет. Бұл ретте, шаруашылық-ауызсу қажеттілігі үшін керек жерасты суларының ресурстары ескерілетін болады. Министрлік су үнемдеу технологияларын қолдана отырып, жерасты суларын суару мақсатында пайдаланатын шаруаларға субсидиялар және төмендетілген тарифтер түрінде мемлекеттік қолдау шараларын енгізуді жоспарлап отыр», – деді ҚР СРИМ Жерасты сулары департаментінің директоры Жайық Ерікұлы.

 

 

01.03.2024

Ұқсас жаңалықтар

КЕНТАУДА СОҒЫС АРДАГЕРЛЕРІНІҢ РУХЫНА ТАҒЗЫМ ЕТІЛДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 09.05.2024 4
САЙРАМДА ЖЕҢІС КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ЖИЫН ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 09.05.2024 14
АУДАН ӘКІМІ ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Сарысу ауданы әкімдігі - 09.05.2024 15
ТҮРКІСТАН: АРЫСТА ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 08.05.2024 72
ТӨЛЕБИДЕ ТЫЛ ЕҢБЕККЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 08.05.2024 52

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1358
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7402
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11271
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7455
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7608