1. Береке қашып, кедейшілікке ұрынады.
2. Денсаулығы сыр беріп, тәні әлсірейді.
3. Өмірдің қызығы өзіне де, отбасына да сорға айналады.
4. Ар-ожданға күмән ұялайды: жарының әрбір іс-әрекетіне сенбей, іштен тынып күйзеледі.
5. Мал-дүниесі желге ұшып, ақшасы зая кетеді.
6. Қай істі бастаса да, жолы болмай, сәтсіздік соңынан қалмайды.
7. Ақыл-ой тұсалып, ой еңбегі тоқырайды: некесіз қатынастармен былғанған сана оң да, ілімді де ой тудыра алмайды.
8. Құдайдың жәрдемі мен берекесі әр ісінен алыстайды.
9. Некесіз төсек қатынастары өмір жасын қысқартады.
10. Балалары әке мейірімінен қағылып, қараусыздықтың зардабын тартады.
11. Ұрпақ тәрбиесі тығырыққа тіреледі, себебі әке уақытын ойнас жасауға сарп етіп, бала тәрбиесі мен біліміне салғырт қарайды.
12. Некесіз төсек қатынасы әуелі ойды, кейін тәнді былғайды.
13. Байқамай-ақ тілі анайы, сөзі тұрпайы болып, одан отбасы мен ағайын жапа шегеді.
14. Жары мейірім мен жылылықтан қағылып, көңіл босайды; бұл гормондық тепе-теңдіктің бұзылуына, өз-өзіне сенімінің жоғалуына, өмірге деген құлшынысының сөнуіне алып келеді.
Абдулахад СМАНОВ














