2021 жылы тәуелсіздігімізге 30 жыл толады. Өткен тарихымызды талдап және елдің болашағын жоспарлау үшін жеткілікті мерзім.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде, «Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО» кафедрасының, 7M05209- Геоэкология және табиғатты пайдалануды басқару мамандығының 1 курс магистранттарымен Президентіміз Қ.К.Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласының аясында «Тәуелсіздік тұғырым» тақырыбында онлайн форматта ашық тәрбие сағаты өтті.
Бұл шараның негізгі мақсаты ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласын талқылап,жастардың болашаққа тың серпінмен қадам басуы үшін өткенге көз жүгіртіп, жетістіктеріміз бен кемшіліктерімізді ой елегінен өткізу арқылы, Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту және нығайту, Тәуелсіздік үшін күрескен, бойларында намыс оты лапылдаған қазақ жастарының ерлігін дәріптеу.
Еліміз өз батырларын, өткен тарихымызды ұмытпау керек.
Білім мен технология, жоғары еңбек өнімділігі ел дамуының басты қозғаушы күші болуға тиіс. Бұл туралы ұлы Абай: «Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Онан басқа нәрсеменен оздым ғой демектің бәрі де – ақымақтық» деген.
«Тәуелсіз ел болу оны жариялаумен немесе мемлекеттің іргетасын қалаумен шектелмейді. Тәуелсіздік үшін нағыз күрес күнделікті еңбекпен, үздіксіз әрі дәйекті елдік саясатпен мәңгі жалғасады. Біз қуатты тәуелсіз мемлекетімізбен ғана ұлт ретінде жер бетінде сақталамыз. Осы айнымас ақиқатты берік ұстануымыз қажет. «Тәуелсіздік бәрінен қымбат!» деген бір ауыз сөз мәңгі ұранымыз болуға тиіс» – деп президентіміз өз мақаласын осылай түйіндеді.
Міне, осындай тақырыптарды қамтыған президентіміздің тәуелсіздік жайында жазылған, қазақ еліне үлкен ой салатын, жастарымызға күш-жігер беретін, еліне, жеріне, тіліне деген патриоттық сезімін оятатын керемет мақаласын талқылап, шараға қатысушылар бір-бірімен пікір алмасып ой бөлісті. Соңында,«Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО» кафедрасының меңгеруші орынбасары Мұқанова Г.А. және доцент қ.а. Оразбаев А.Е. сөз сөйлеп өз тілектерін білдіріп, қорытындылады.
Мұқанова Г.А.,
Түсүпова Б.Х.,
Құрбанова Л.С.,
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ң
«Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО»
Кафедрасының
оқытушылары