Ислам ынтымақтастығы ойыны: Қазақстан 5-орында

Ислам ынтымақтастығы ойыны: Қазақстан 5-орында

   Түркияның Конья қаласында Қазақстан құрамасының қатысуымен өткен V Ислам ынтымақтастығы ойындары аяқталды. 54 ислам мемлекеті спортшыларының қатысуымен өткен жарыста қазақстандық спортшылар делегациясы 89 жүлдеге ие болды, оның 27-сі – алтын, 23-і – күміс және 39-ы – қола медаль. Қазақстан намысын жарыстың 16 түрі бойынша 125 спортшы қорғады. Екі апталық шайқастардың қорытындысы бойынша қазақстандықтар жеңіс тұғырының ең биік сатысына 27 рет көтеріліп, жалпыкомандалық медальдық есепте 5-орыннан көрінді. Ал Ислам ойындарының көшбасшысы Түркия болды. Түріктердің еншісінде 341 медаль бар: 145 алтын, 107 күміс және 89 қола. Олардан кейін Өзбекстан, Иран және Әзербайжан тұр. Салыстыру үшін айта кетсек, 2017 жылы өткен IV Ислам ынтымақтастығы ойындарында Қазақстан құрамасы сапында спорттың 7 түрінен 35 спортшы қатысқан еді. Нәтижесінде қазақстандықтар 2 алтын, 5 күміс және 12 қола медальмен жалпыкомандалық есепте 14-орынға тұрақтаған еді.

Ермек Сахариев
25.08.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЖАҢААРЫҚТАҒЫ ДОП ДОДАСЫ
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі - 20.05.2024 45
Семейде бір ай бұрын жоғалған қыз өлі табылды
Альфия Адамбек, Turkistantvkz инстаграм парақшасы - 19.05.2024 87
 ШАРДАРАЛЫҚ КӘСІПКЕР БІРНЕШЕ ЦЕХТЫ ІСКЕ ҚОСПАҚШЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 18.05.2024 59

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1596
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7630
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11509
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7672
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7830