Референдум

Кәсіпкерлікті дамытып, ауылды көтерудің қуатты жүйесі

Кәсіпкерлікті дамытып,  ауылды  көтерудің  қуатты жүйесі

Мақала  авторы өткен ғасырда 90-жылдардың басында «Жергілікті өзін-өзі басқару және Қазақ ССР халық депутаттарының жергілікті Кеңестері туралы» Қазақ ССР заңы жобасын талқылауға қатысқан еді. 

Билікті күшті орталықтандыру ісі жемісті болған соң, жергілікті жерлерде қоғамдық өзін-өзі басқару комитеттері, көше, үй және орамдық комитеттер құрылды. Қазіргі қолданыстағы Конституция «жергілікті өзін-өзі басқаруды тұрғын халық тікелей жүзеге асырады, халық топтары жинақы тұратын аумақтарды қамтитын жергілікті қоғамдастықтардағы, жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы жүзеге асыра бастаса, 2007 жылғы 21 мамырда басқару мәслихат, жергілікті қауымдастыққа беру мүмкіндігі бекітіліп, Тұжырымдамада азаматтардың қатысуын реттейтін толықтырулар енгізілді».

Еліміздің тұрақты дамуы әрқайсымызға байланысты. 

Жергілікті өзін-өзі басқару өзінің табиғатына қарай тұрғындарға ең жақын болып табылады.

Азаматтардың жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуға белсенді қатысуы әкімдердің шешімдерін қабылдау процесінің ашықтығына, жергілікті маңызы бар мәселелерді тиімді шешуге, өмір сүру сапасын жақсартуға, ауылдың өркендеуіне әкеледі.

Жергілікті өзін-өзі басқарудың жаңа моделі бес негізгі принцип негізінде қалыптасатын болады: азаматтардың шешім қабылдау процесіне қатысуы; жергілікті өзін-өзі басқару органдарын сайлау; ұйымдық, экономикалық және қаржылық мәселелерді шешуде жергілікті өзін-өзі басқару органдарының дербестігі; мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару қызметінің нақты функционалдық шекарасы; жергілікті өзін-өзі басқару органдарының тұрғындар алдындағы ашықтығы мен есептілігі.

 

Ұлттық құндылықтардың алтын бесігі

Жергілікті өзін-өзі басқаруда азаматтардың ауылдың ішкі мәселелері бойынша басқару және шешім қабылдау процесіне қатысуы; жергілікті өзін-өзі басқару органдарын сайлау; ұйымдық, экономикалық және қаржылық мәселелерді шешуде жергілікті өзін-өзі басқару органдарының дербестігі; билік пен жергілікті өзін-өзі басқару қызметінің нақты функционалдық шекарасы; жергілікті өзін-өзі басқару органдарының тұрғындар алдындағы ашықтығы мен есептілігі маңызды болып табылады.

Өткен жылдары Парламент Мәжілісінде «Жергілікті өзін-өзі басқару туралы» Заң жобасында жергілікті мемлекеттік басқару мен жергілікті өзін-өзі басқару өкілеттіктерінің ара жігін ажырату мақсатында жергілікті өзін-өзі басқарудың негізгі органдары, олардың міндеттері мен өкілеттіктері талқыланды. Бұл мәселе ел Президенті Қ.Ж. Тоқаевтың инициативасымен көтерілген. Мәжіліс депутаттарының айтуы бойынша, енді міндетті түрде жалғасын табады да жоба қайта қаралады. Жобада органдар мен ауыл әкімдерінің дербестігін кеңейту көзделеді. Бюджетті бекіту құқығы тікелей тұрғындарға берілмек. 

Округ бойынша құрылатын кеңес өзге де құжаттарды, жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламаларын, абаттандыру ережелерін, азаматтарға көрсете алатын ақылы қызметтер тізбесін, сондай-ақ көше саудасы, мерекелік іс-шаралар өткізу орындарын бекітеді. Ауыл деңгейінде басқару қоғамдастық жиналысы арқылы жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуде халықтың рөлін біртіндеп арттыру көзделіп отыр. Негізгі мақсат – ауыл өмірін жақсарту, елді мекендерді абаттандыру мәселелерін сапалы шешуге қатысуын арттыру, сапалы тұрғын үй-коммуналдық қызметтерді алуға, санитарлық жағдайды, қоғамдық тәртіпті жақсартуға халықтың мүдделілігін арттыру.

Халқымыз үшін ауыл – ұлттық құндылықтарымыздың алтын бесігі. Мал өсіріп, егін егіп, шаруасын өрге сүйреген ауыл – елдің асыраушысы, еңбектің және ұлттық руханияттың қайнар көзі.

Экономиканың даму деңгейі мен халықтың өмір сүру сапасынан ауылдың жағдайын білуге болады. Ауылшаруашылық жүйесінің дұрыс құрылмай, барды игере алмай, жеке шаруа қожалықтары техника, қаражат тапшылығынан дұрыс ұйымдастыра алмай келеді. Мал басы барлық түрінен кеміп кетті. Жалпы, егістік алқабы төмендеді. Егістік жер құнары кеміп, тозып бара жатыр. Шаруаның ауыспалы егіс жүйесін енгізу, оргминералды тыңайтқыштар қолдану және зиянкестермен күресуге шамасы келмейді. Егістіктің тұқымын жаңарту, мал тұқымын асылдандыру шараларын да орындай алмайды.

Қосалқы шаруашылық иелері үшін жайылымдық жер азайды, жем-шөп қымбатшылығы алқымнан алып отыр. Жайылым жерлер тозып барады. Шаруалар бекітілген жеріне ғана малын жайып, жерді тақырлауда.

Жайылымды суландыру, екпе шөп егіп құнарландыру, тыңайту жұмысы тарих қойнауында кетті. Ауылды жұмыссыздық, кедейшілік жайлаған. Ауылдағы кедейшілікті табиғи, экономикалық, әлеуметтік және демографиялық факторлар туғызып отыр. 

Мемлекет басшысы дамудың институционалды тепе-теңдікті нығайту, заң шығарушы биліктің тиімділігін арттыру, тежемелік тепе-теңдік жүйесін күшейту, сондай-ақ қоғамның мемлекеттік басқаруға қатысуын қамтамасыз ететін конституциялық механизмдерді жаңарту арқылы ғана мүмкін екенін айқын атап көрсетті.

Ауылды дамыту мәселесінде оң өзгерістерге бағытталған шешімдерді күтуде. Ауылдық округ құрамында 5-6 ауылдық мекендер де кездеседі. Кезінде кеңшар әкімшілігі көтерген ауыл проблемалары бүгінде көп ауылдарда шешімін таппай, күрделене түсуде. Әр ауылда тұрғындардың жиналысында сайланған қоғамдастықтың, жігітбасылары қызметін жоққа шығаруға болмайды.

 

Шағын және орта бизнесті қалай қолдаймыз?

Бүгінде күн тәртібінде ауылда экономиканың даму және өндірісті жаңғыртудың, шағын және орта бизнесті қолдау жолдарын, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым нысандарын, тұрғын үйлер салу, қызметтер көрсету жүйесін қалыптастыратын кешенді даму жоспарларын жасап, іске асыру қажет болып тұр.

Ауылшаруашылығын дамытудың маңызды себебі азық-түлік қауіпсіздігін сақтаудағы шешілмеген мәселелер қоғамда әлеуметтік-саяси және басқа да мемлекет үшін қауіпті тәуекелдердің күшеюіне әкеліп соғады.

Ауылдың дамуына әсер ететін институционалдық факторлардың қатарына ауылдық аймақтардың тұрақты дамуын басқару жөніндегі комиссия құрылуы, жергілікті өзін-өзі басқаруды жетілдіру, аграрлық өндірістің бәсекеге қабілеттілігі, орта және шағын бизнесті дамыту, ауыл экономикасын әртараптандыру, ауылдық жерлерде ақпараттық және өндірістік-өткізу инфрақұрылымының дамуы жатқызылады.

Ауылда әлеуметтік, инженерлік, мәдени-тұрмыстық инфрақұрылымның дамуы, қоғамдастықтағы моральдық-психологиялық ахуалдың тұрақтылығы, қоршаған ортаны қорғау жұмыстары, санитарлық-қорғау бағыттары, есеп беру кездесуінде көтерілген мәселелердің шешілу жағдайы туралы мониторинг және ай сайын есеп беру қажеттігі, жас мамандарды ауылға тарту, еңбек, қолайлы жалақы ұсыну, өндірістік-өткізу кооперациясын құру барысында жаңа мамандықтарды оқыту алда тұрған меже.

Ауылда тұрмыс деңгейі мен тұрмыс сапасын көтеру үшін шаруашылықта бар қолданыстағы ресурстарды жұмылдыру, бір-бірімен байланысты «өндіру-өңдеу, сақтау, сату» азық-түлік жүйесін дамыту, халық табысын арттыруға бағытталған жаңа жұмыс орындарын құру артта қалушылықты жоюға әкелері сөзсіз.

Ауылдық жерде абаттандыру және санитарлық тазалау, жасыл желектерді күтіп ұстау және қорғау, үй жануарларын жаю және серуендету қағидаларын әзірлеу және бекіту; қоғамдық орындарды абаттандыру және сыртқы безендіру мәселелерін шешу; көрме, жәрмеңке қызметін ұйымдастыру және көше саудасына мониторинг жүргізу; бейіттерге арналған жер учаскелерін есепке алу; көшелерді санитарлық тексеру, коммуналдық қалдықтарды бөлек жинауды ұйымдастыру; есеп беру кездесулерінде көтерілген мәселелердің шешілу жағдайы туралы мониторинг және ай сайын есеп беру; өз құзыреті шегінде ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып электрондық қызметтер көрсету; әлеуметтік шиеленістерді және еңбек жанжалдарының тәуекелдерін бақылау және т.б. аудан деңгейінен ауылдық деңгейге көшіру маңызды қадам деп ұйғарылған.

Біздің пайымдауымызша, жобадағы «өзге де маңызды мәселелерді» дегеннің орнына нақты округ бойынша жаңа сайланатын кенестің және әр ауылдағы қоғамдастық, ақсақалдар алқасы, жігітбасыларының міндетті түрде күнбе-күн көңіл аударатын ауыл тұрғындары тынысының маңызды сұрақтарына төмендегі мәселелерді кіргізгенде ғана ол ауылға тиімді.

Ауыл өміріндегі күнбе-күн міндетті орындауға жататын тіршілік тәртібі заңдастырылуы керек. Олар мыналар:

Ауылшаруашылығы өндірісін дамытуға жәрдемдесу, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдайлар. Егістік танаптарда желге, жер эрозиясын болдырмауға қатарымен ағаш отырғызу шараларын ұйымдастырып, бақылауға алу; егістік жерді даярлау, себу, өнімнің өзіндік құнын шарықтатпау мақсатында жиын-терінде монополияға жол бермей, техникалық қызмет көрсетудің бағасын келісіп реттеп отыру; қабылдау, өңдеу, сақтау, сату құзырына ие ауылдық кооператив ашуды ұйымдастыру; шаруа қожалықтары мен жеке отбасылары үшін өз өнімін тиімді бағамен өткізуде әлеуметтік дүкен, базар ұйымдастыруды ауылдық деңгейде реттеу.

«Ауыл – адамдар тұратын тұрақ» дегенді негізге алып, жазда жекеменшік малды мейлінше далада баққызу, бағу бағасын реттеу, дәрілеуді, тұқымын асылдандыру, мал індетіне қарсы күрес ұйымдастыру, жайылым жерлерді тиімді пайдалану; су ресурстарын дұрыс пайдалану, ауызсу алатын құдықтардың маңайын қоршау, тазалығын қадағалау; ауызсуды үнемдеу мақсатында әр үй жанындағы жерді суаратын суды арықпен жеткізу үшін көше арықтарын толықтай қалпына келтіру;

Халыққа көліктік қызмет көрсетуді жүргізушілермен тиімді бағасын келісе отыра ұйымдастыру. Мәдениет және спорт, жастармен жұмыс. Дәстүрлі халық өнерін дамыту үшін жағдай жасау, халық қолданбалы өнерін сақтауға, жаңғыртуға және дамытуға қатысу; Ат спортын, ұлттық ойындарды, бұқаралық спортты спорттық-сауықтыру, ауыл біріншілігін ұйымдастыру; Жастарға, салауатты өмір сүруге іс-шараларды ұйымдастыру; Жастармен зиялы адамдармен кездесулер өткізу; Спорт алаңдарын күту; Ауылдық кітапханада кітапхана қорын жинақтау және сақтау; Бос уақытты өткізуде мәдениет ошақтарын қамтамасыз ету үшін жағдай жасау; Ауыл тұрғынының жаппай демалу орнының тазалығы, сауықтыру орнын дамыту және қорғау.       

Қауіпсіздік, қоғамдық тәртіп, адам құқығын дәріптеу. Қоғамдық тәртіпті бақылау, отбасындағы жат қылықт арға жол бергізбеу; Өрт қауіпсіздігінің бастапқы шараларын қамтамасыз ету; Аумақтық қорғаныс, азаматтық қорғаныс, табиғи және техногендік сипатт ағы төтенше жағдайлардан қорғау жөніндегі ісшараны ұйымдастыру, асар арқылы жүзеге асыру; Су объектiлерiндегi адамдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету; 

Ауыл ішіндегі үйлердің жанынан өтетін арықтарды көптеген тұрғындардың цементтеп жауып тастаған әрекеттері таудан үлкен су келген жағдайда көшені шайып, іргетасы төмен ескі үйлерді құлату қаупін туғызып отыр, сонымен қатар, көшедегі ағаштар суарылмай, тамырлары құрғап кеткен. Ауылда мал ұрлығына қарсы, қоғамдық тәртіпті қорғауға халық жасақшыларының қызметін ұйымдастыру; Ауыл тынысының жалпы тәртібін бұзушылықтың әрбір көрінісі ақсақалдар кеңесі, отбасы шырқын бұзғандар ақсақалдар және аналар алқасы отырысында талқылануы міндетті.      

Абаттандыру, тазалық. Ауылдың аумағын абаттандыруды, бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту, елді мекеннің шекарасында орналасқан ағаштарды қорғау, толықтыру; Тұрғын үйлерді, ғимараттарды күтіп ұстау, көше тазалығын қадағалау, қоғамдық орындарды абаттандыру және сыртқы безендіру мәселелерін шешу; Санитарлық тазалау.

Ономастика. Ауылдың дамуына еңбегі сіңген адамдарға ауыл алаңы, спорт алаңы, көше атын беру, олардың өмір жолына байланысты ақпаратты орналастыру, бұрынғы атауларды өзгерту. 

Бейбіт өмір. Ауылда сепаратизм көріністерін алдын ала жоюға, этносаралық жанжалдың алдын алуға бағытталған іс-шараларды іске асыру, конфессияаралық келісімді нығайтуға, қоныс аударушылардың әлеуметтікмәдени бейімделуіне ауылдағы тарихи, мәдениет ескерткіштерін сақтау, пайдалану және насихаттау, мұрағат қорын қалыптастыру; Ауылдың бір шетінде жаназа оқылып жатса, екінші шетінде даңғаза той өткізуді тоқтату. 

Тұрмыстық қалдықтар. Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинақтауды ұйымдастыру, күл-қоқысты ретсіз төккізбеу, төгетін арнайы жерді белгілеп, санитарлық эпидемиялық жағдайды, мал, ит, құс өлекселерін бір жерге жинақтап өртеу, көму, залалсыздандыруды бақылау. 

Әлеумет. Жалғызілікті, тұрмысы нашар отбасыларына, мүгедектерге қол ұшын беру, тұрмыстық жағдайларына мониторинг жасап тұру; Қарттар күніне даярлық, құрмет көрсету; Өлген адамдарды шығарып салу, ғұрыптық қызмет көрсету және зиратты күтіп ұстауды ұйымдастыру; 

Бюджетке байланысты жобада көрсетілген нысаналы алымдардан басқа ауылдық бюджеттің жеке кіріс көздеріне ақылы қызмет көрсетуден, ерікті демеуші, қайырымдылық қор жарнасы, арнайы белгіленген орындардағы сауда үшін алым, абаттандыру қағидасын бұзғаны, инфрақұрылым нысаны мен жасыл желектерге зақым келтіргені үшін айыппұл, бір қой ұрлағанға 5 қой төлету, заңға қайшы келмейтін өзге көздерден кірістер қалыптастыру.    

Қауымдастық жиынында қабылданған шешімдерді мұраты мен тілегі бір ауыл тұрғындары қабылдап, орындалумен құнды болатын ұйымдасқан бейбіт ортаны құру мақсатында «Ауыл тынысы тәртібі» туралы бөлімді «Жергілікті өзін-өзі басқару туралы» Заңға қосып, заңдастыру қажет. Сол тәртіп қауымдастыққа ауылды басқаруға тура жол ашады. 

Әр ауылда қауымдастық басшысын сайлап, аудан бойынша қауымдастық жетекшілері кеңесін құру, олардың бастарын мәслихатта қосып, пікір бөлісіп, Мәдениет және спорт, жастармен жұмыс. Дәстүрлі халық өнерін дамыту үшін жағдай жасау, халық қолданбалы өнерін сақтауға, жаңғыртуға және дамытуға қатысу; Ат спортты, ұлттық ойындарды, бұқаралық спортты спорттық-сауықтыру, ауыл біріншілігін ұйымдастыру; Жастарға, салауатты өмір сүруге іс-шараларды ұйымдастыру; Жастармен зиялы адамдармен кездесулер өткізу; Спорт алаңдарын күту; Ауылдық кітапханада кітапхана қорын жинақтау және сақтау; Бос уақытты өткізуде мәдениет ошақтарын қамтамасыз ету үшін жағдай жасау; Ауыл тұрғынының жаппай демалу орнының тазалығы, сауықтыру орнын дамыту және қорғау.

Нұрлан ЕРДӘУЛЕТҰЛЫ, 

Қазақстан Журналистер одағының мүшесі

13.03.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 23828
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 23499
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 40553
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 36941
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 41179