КЕНТАУДА ҚОҚЫС ЖИНАУ БОЙЫНША «ПЛОГГИНГ» МАРАФОНЫ ӨТТІ

КЕНТАУДА ҚОҚЫС ЖИНАУ БОЙЫНША  «ПЛОГГИНГ» МАРАФОНЫ ӨТТІ
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында жастарды отан сүйгіштікке, табиғатты қорғауға, жанашыр жастардың қатарын арттыру мақсатында Кентау қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен жастар арасында С.Қожанов саябағында «Плоггинг» марафоны өтті.
Плоггинг – қоршаған ортаны қорғау бойынша әлемдік тәжірибеде жастар арасында танымал шара. Бұл – қашан да қоршаған ортаны қорғау үдерістерімен байланыста болу дегенді білдіреді.
Марафонға қаладағы Орта арнаулы оқу орындарының студенттерінен құрылған 5 команда, өздеріне тиесілі аумақтарды жүгіріп өту арқылы қоқыс жинаудан жарысқа қатысты. 60 минутта С.Қожанов саябағынан салмағы 52 қап қоқыс жиналды. Бұл экологиялық қозғалыс – салауатты өмір салтын ұстану мен табиғатқа деген қамқорлықтың тамаша үйлесімділігі.
Плогингтің нәтижесінде Кентау политехникалық колледжі «Авангард» командасы 1-орын. Кентау көпсалалы колледжі «Жалын» командасы 2-орын, Кентау колледжі «Бірлік» командасы 3-орын. Кентау гуманитарлық-техникалық колледжі «Қыран» және № 7 колледж «Киелі мекен» командалары алғысхаттармен марапатталды.
 
Түркістан облысының әкімінің баспасөз қызметі
25.04.2024

Ұқсас жаңалықтар

КЕНТАУДА СОҒЫС АРДАГЕРЛЕРІНІҢ РУХЫНА ТАҒЗЫМ ЕТІЛДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 09.05.2024 4
САЙРАМДА ЖЕҢІС КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ЖИЫН ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 09.05.2024 14
АУДАН ӘКІМІ ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Сарысу ауданы әкімдігі - 09.05.2024 15
ТҮРКІСТАН: АРЫСТА ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 08.05.2024 69
ТӨЛЕБИДЕ ТЫЛ ЕҢБЕККЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 08.05.2024 49

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1356
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7400
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11269
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7453
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7606