Лор дәрігерге қай кезде көріну керек?

Лор дәрігерге қай кезде   көріну керек?

 

Лор – құлақ, тамақ және мұрын ауруларының алдын алу және емдеумен айналысатын дәрігер. Кез келген адамның иммундық жүйесінің әлсіреуіне байланысты ең алдымен жоғарғы тыныс жолдарының қабынуы (ринит, синусит, фарингит, тонзиллит, ларингит, трахеит) пайда болады. Кез келген ауру белгі бере бастағанда дәрігерге қаралып, емделіп, асқынулардың алдын алған жөн.

 

Өз бетінше емделу дұрыс емес, себебі бір ауру әр адамда әртүрлі көрініс береді. Сондықтан адамдарға берер кеңесім: егер суықтап қалып, мазасыздық, шаршау, әлсіреу, тамақ ауруы, мұрын бітелуі немесе мұрыннан су ағуы сезілсе, денені қыздыруға (монша, ыстық ванна т.б.) және тоңдыруға (бассейнге түсу, жеңіл киіну, суық су ішу) болмайды. Екі жағдайда да жағдайыңыз күрт нашарлап, қосымша аурулар пайда болуы мүмкін.

Лор ағзаларының – жоғарғы тыныс алу жолдары мен құлақтың – ауруларында организмнің негізгі қызметтері бұзылуы мүмкін. Сондықтан дәрігер дер кезінде дұрыс жедел көмек көрсетуі керек. Жоғарғы тыныс алу жолдарына мұрын, мұрын маңы қойнаулары, жұтқыншақ, көмей және трахея жатады.

Лор ағзаларының жедел көмекті қажет ететін аурулары:

* Лор ағзаларынан қан кетуі

* Жарақаттар

* Мұрын қуыстарына бөтен денелердің түсуі

* Көмейдің стенозы

* Адам өміріне қауіп төндіретін ЛОР ағзаларының асқынған қабыну аурулары.

Мен, Қайымов Сәбит Сайдуллаұлы, Алматы қаласындағы С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-де 5 жыл жалпы медицина, 2 жыл интернатура (хирургия), 3 жыл резидентура (оториноларингология) бойынша білім алдым. Қазіргі таңда Алматы қаласындағы №10 емхананың ЛОР дәрігерімін. Емханаға келген пациенттердің құлақ, мұрын, тамақ ауруларын емдеп, профилактикасын жүргізіп, кеңес беремін.

Біз дәрігерлер ауруды емдейміз, ал ауырмаудың жолы – адамның жеке денсаулығына деген жауапкершілігі және салауатты өмір салтын ұстануы арқылы денсаулығын нығайту болып табылады. Жоғарыда сипатталған кез келген симптом – бұл дереу оториноларингологқа (ЛОР) көріну қажеттілігінің маңызды себебі. Дәрігерге уақытылы жүгіну және жедел емдеу ауыр асқынулардың пайда болу қаупін азайтады. Өйткені жиі тамақ ауруы бүйрекке, буындарға және жүрекке жағымсыз әсер етуі мүмкін, ал қарапайым ринит ауыр отит немесе синуситтің дамуын тез тудыруы мүмкін.

 

Оториноларинголог қандай ауруларды емдейді?

 

Лор патологиялары, кез келген басқа аурулар сияқты, дұрыс диагноз қоюды және сауатты емдеуді талап етеді. Мұрын ағуы пайда болған кезде дәріханаға жүгіріп, алғашқы тамшыларды сатып алудың қажеті жоқ. Тамшы дәрілер теледидарда үнемі жарнамаланады. Дұрыс емдеуді тек маман кешенді тексеруден өткізіп, диагноз қойып барып тағайындай алады.

Дәрігер сізден шағымдар, өмір салты, балалық шақта қанша рет және қандай лор аурулары болғанын, жақын туыстарыңыздағы осындай ауруларды, жаман әдеттерді егжей-тегжейлі сұрайды. Осы тексерулер арқылы алынған барлық мәліметтер негізінде дұрыс диагноз қойылады. Кеңес беру кезінде адамға аурудың пайда болуы мен мүмкін болатын даму ерекшеліктері туралы толық ақпарат беріледі. Сонымен қатар қосымша зерттеулер жүргізу қажеттігі тағайындалуы мүмкін.

 

Қандай белгілерге назар аудару маңызды?

 

* Есту қабілеті нашарласа – егер есту қабілетіңіз нашарлап, мүкістік пайда болса, немесе құлақта шу тұрғандай, бітелгендей сезім туса.

* Құлақ шаншыса – құлақ іші ауырып, жаншыған сезім болса, бұл инфекцияның, қабынудың немесе басқа да проблеманың белгісі болуы мүмкін.

* Мұрын мен тамақ ауруы – тамақ жиі ауырса, мұрынмен дем алу қиындап, бітелсе, тамақ қатты тітіркеніп, басы ауырып тұрса.

* Жұтыну ауырласа – өңеш бітелгендей сезім болса, жұтыну қиынға соқса.

* Дауысыңыз өзгерсе – дауысыңыз қырылдап, тембрі өзгерсе, сөйлегенде ауырсыну сезілсе.

* Жарақат пен зақым – бет, мұрын, құлақ немесе тамақ жарақаты болса, тіпті болмашы зақым деп ойласақ та, дәрігерге көріну қажет.

 

Лор дәрігерге тұрақты көрініп тұрса, көптеген аурулар мен асқынулардың алдын алуға болады. Әр жағдай өзгеше, ал дәрігер түрлі асқынуды анықтап, емдеп, қажетті емді тағайындай алады.

Жалпы, әрбір адам өз денсаулығына жауапты болғанын қалаймын. Ал бізде көбінесе ауырып қалған соң ғана дәрігерге жүгіреді. Ауыр асқынғанда да, дамыған Америкада да бір күнде емдеп бере алмайды. Әр адам өз денсаулығының маңызын түсінсе екен деймін. Адамға екінші өмір берілмейді, ал бұзылған денсаулықты қалпына келтіре алмайсыз. Сол себепті ауырмау үшін алдын алу қажет.

 

Аяужан ЖАЙЛАУҚЫЗЫ,

Алматы  қаласы

 

07.11.2025

Ұқсас жаңалықтар

АҚТӨБЕДЕ – АУЫЛДЫҢ ЖҮГІ, «AQTOBE»-ДЕ  – ДӘУІРДІҢ ҮНІ
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының бас редакторы - 22.10.2025 709

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 19635
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 19448
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 34573
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 33138
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 36958