Орталық Азия: ОЛАР БІРІГУГЕ МҮДДЕЛІ

Орталық Азия: ОЛАР БІРІГУГЕ МҮДДЕЛІ

Ағымдағы жылдың 20 қаңтары күні Астанада «Орталық Азия – 2030: болашақтың келбеті» атты сарапшылар отырысы өтті. Кездесуде Орталық Азия елдерінің сауда және экономика, көлік және энергетика, адами капиталды дамыту сияқты салалардағы кооперацияны арттыру мен мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды. Іс-шараға Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстан елдерінің сарапшылары қатысты.

Президент жанындағы ҚСЗИ Халықаралық зерттеулер бөлімінің басшысы Әсел Назарбетова: «Аймақта келісімге келу қажет бірнеше жоба бар. Соңғы 5-6 жылда Орталық Азия елдері арасында жүріп жатқан транзитке байланысты мемлекеттер арасында бір-біріне деген жылымық пайда болды. ҚСЗИ Орталық Азияның сарапшыларымен бірнеше кездесу өткізді. Сонда айтылған пікірлердің қорытындысымен бұл кездесулердің тиімді болғанын айта аламыз. Іс-шара жай жалаң сөздермен ғана емес, нақты істермен көрініс тауып отыр. Бүгінгі кездесуге келген құрамда өте жоғары лауазымды тұлғалар бар. Олар сол елдің билігінде шешім қабылдауға тікелей ықпал ете алатын азаматтар. Мұның өзі аймақтағы ынтымақтастыққа, бірлікке деген мүддені танытып отыр. «Орталық Азия – 2030: болашақтың келбеті» конференциясында және одан кейін өтетін жабық талқылауда аймақтағы бүкіл проблемалар ашық талқыланып, ұсыныстар жасалады. Кейін сарапшылар бұл ұсыныстарды өз мемлекеттерінің басшыларына жеткізеді. Ол елдердің президенттері кездесу ұйымдастырғанда күн тәртібіне шығатын тақырыпқа айналады», – деді. 

Ермек Сахариев
26.01.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЖАҢААРЫҚТАҒЫ ДОП ДОДАСЫ
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі - 20.05.2024 45
Семейде бір ай бұрын жоғалған қыз өлі табылды
Альфия Адамбек, Turkistantvkz инстаграм парақшасы - 19.05.2024 87
 ШАРДАРАЛЫҚ КӘСІПКЕР БІРНЕШЕ ЦЕХТЫ ІСКЕ ҚОСПАҚШЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 18.05.2024 59

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1596
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7630
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11509
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7672
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7830