Патриотизм ұғымының мағынасы кең. Ол мемлекетіміздің өсіп-өркендеуіне, қауіпсіз де бейбіт ел болуына аянбай қызмет ету, яғни Отанға деген махаббат, халқымыздың мәдениетін, рухани құндылықтарын қастерлеп, көздің қарашығындай сақтау. Патриотизм туған жерге деген сүйіспеншілік, ел бірлігін, тыныштығын сақтау сияқты ұғымдарды білдіреді. Патриотизм сөзі ежелгі гректің «патриа» атамекен деген сөзінен туған екен. Яғни ол Отанға, өз халқына деген сүйіспеншілік, өз салт-дәстүріне деген құрмет, елінің әрбір табыстары мен жеңістеріне мақтаныш.
Патриотизм ұғымы нені білдіреді?
- Отансүйгіштік: туған жерге, тарихы мен дәстүрлеріне құрмет;
- белсенді әрекет: елдің гүлденуі үшін еңбек ету, азаматтық жауапкершілік;
- мемлекет мүддесі: жеке мүдделерді елдің мақсаттарына бағындыру, сондай-ақ мемлекетті қорғауға әркез дайын тұру;
- тіл мен мәдениет: ұлттық құндылықтарымызды, ана тілін қастерлеп, сақтау.
Ал еліміздің әлемге ашықтығын білдіретін, сан түрлі мәдениеттер мен ұлттардың басын қосатын, олардың Отанды сүйіп, құрметтеуіне бағыттайтын ұғым Қазақстандық патриотизмді білдіреді. Қазақстанда өмір сүріп жатқан азаматтарды отансүйгіштік, патриоттық рухта тәрбиелеу үрдісі ешқашан маңызын жойған жоқ. Патриотизм саяси мәдениетпен, тарихи жадының ерекшеліктерімен, адамның архетиптік болмысымен де байланысты болады. Қазақстанның тарихының өнбойында патриотизм әркез қоғамның рухани негізі, жеңістер мен жетістіктердің тірегі болып айқындалады. Біз патриотизмді ұлттың тілі, діні мен ділімен терең байланыстыруымызға болады.
Негізі адам бойындағы патриотизм оның іс-әрекетінен байқалады. Еліне, ұлтына деген сүйіспеншіліктен басталатын патриоттық сезім кемелдену жолында сан түрлі кезеңдерден өтіп, жалпыхалықтық патриоттық санаға, еліне деген саналы сүйіспеншілікке бастап дамиды. Сонымен қатар жеке адам, қоғам өмірі мен қызметінің жоғары мәнісі болмақ. Патриотизмді қоғамдық сананың ең негізгі құрамдас бөлігі ретінде бағалау қажет. Әйтпесе қоғам мен мемлекет әлсіреуі мүмкін.
Жалпы отансүйгіштік – қасиетті сезім. Жердің қай шетінде жүрсең де адамға күш-қуат беретін нәрсе ол Отаның. Иә, патриоттық сана отбасынан және мектептен басталады және халықтың дәстүрлері, өмір салтымен, қоғамның күш-жігерімен қалыптасады. Бүгіндері көтеріліп отырған өзекті де актуальді мәселе ол жастарды патриоттық сезімге баулып, тәрбиелеу болып саналады. Өсіп келе жатқан жас буынды отансүйгіштік рухта қанаттандырып, еліміздің тәуелсіздігін күшейтіп, сонымен қатар ұлттық қарым-қатынасты сақтау қажет. Өйткені болашақ өсіп келе жатқан жастардың қолында. Олар елім үшін, Отаным үшін деп ерінбей еңбек ететін болса, патриотизмді дамытып, сақтауға өз үлесін қосары сөзсіз. Қазіргі тәуелсіздік ел болып отырған кезеңде патриоттыққа үйрету – ерекше маңызды мәселелердің бірі. Ел басқаратын болашақ жастардың білімді, саналы да жан-жақты болуы керек, өйткені олардың соған орай Отанына деген ыстық махабаттары да зор болмақ. Ал еліне, жеріне шын жаны ашып, сүймеген жанды Отанына адал қызмет етеді деп тіпті ойламаймыз. Сондықтан ұлтының патриоты болған азамат өз туған еліне, тіліне, салт-дәстүріне немқұрайлы қарай алмайды. Өйткені болашақ өсіп келе жатқан жастардың қолында. Олар елім үшін, Отаным үшін деп ерінбей еңбек ететін болса, патриотизмді дамытып, сақтауға өз үлесін қосары сөзсіз.
















