Қазақстан Талибан Үкіметін мойындай ма?

Қазақстан Талибан Үкіметін мойындай ма?

3-5 тамызда Астанада Қазақстан – Ауған бизнес-форумы өтеді. Кеше Астанаға Ауғанстанның өнеркәсіп және сауда министрі Нуриддин Азизи бастаған 210 адамнан тұратын бизнес-делегация келді. Бірақ бұл Қазақстанның «Талибан» Үкіметіне ұстанымы өзгергенін білдірмейді. Астана Талибанды мойындау мәселесінде халықаралық қауымдастықтың ұстанымын қолдайды. Бұл туралы Сыртқы істер министрінің орынбасары Қанат Тумыш мәлімдеді. «Қазақстан – Ауғанстан бизнес форумын Қазақстанда өткізу туралы шешім Ауғанстанның де-факто үкіметін мойындау фактісі болып есептелмейтінін атап өткім келеді. Бұл мәселеде біз бұрынғыдай БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің шешімдерін қатаң ұстанамыз. Талибанды тану мәселесінде ең алдымен, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тиісті шешімі шығу қажет екендігіне  назар  аударуды  сұраймын»,  – деді  Қанат Тумыш. Оның айтуынша, БҰҰ бұл мәселеге қатысты Ауғанстан билігіне бірқатар талап қойды. Атап айтқанда, инклюзивтілік пен өкілдікті қолдау, террористік ұйымдарға өз аумағын қолдануға жол бермеу, этникалық азшылықтар, әйелдер мен балаларды қоса алғанда адам құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету қажет. Айта кетейік, 3-5 тамызда Астанада Қазақстан – Ауған бизнес-форумы өтіп, ауған тауарларының көрмесі болады. Көрмеге Ауғанстаннан 70-ке жуық компания, 150-ден астам кәсіпкер қатысады.

 

03.08.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЖАҢААРЫҚТАҒЫ ДОП ДОДАСЫ
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі - 20.05.2024 31
Семейде бір ай бұрын жоғалған қыз өлі табылды
Альфия Адамбек, Turkistantvkz инстаграм парақшасы - 19.05.2024 64
 ШАРДАРАЛЫҚ КӘСІПКЕР БІРНЕШЕ ЦЕХТЫ ІСКЕ ҚОСПАҚШЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 18.05.2024 52
СОЗАҚТА БАЛЫҚ ӨСІРУДІ  ЖОЛҒА ҚОЙҒАН КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ САНЫ АРТТЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 18.05.2024 37

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1587
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7620
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11497
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7663
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7822