«Qazaqstan zamany» газеті «Qazaqstan dauiri» болып өзгерді

«Qazaqstan zamany» газеті «Qazaqstan dauiri» болып өзгерді

a href="https://qazaqstan.tv/videos/1494"

 

https://itube.kaztrk.kz/kz/videos/49991/qazaqstan-zamany-gazeti-qazaqstan-dauiri-bolyp-ozgerdi/

 

 

 

«Qazaqstan zamany» аталып келген газет «Qazaqstan dauiri» деген жаңа атауға ие болды. Газеттің жаңа атауы не әкелмек? Газеттің жаңа жылға жоспары қандай? Қазақстан жазушылар және журналистер одақтарының мүшесі Ертай Айғалиұлы Алматы студиясының қонағы болып, сауалдарға жауап берді. «Біздің газет – Тәуелсіздіктің алғашқы қарлығаштарының бірі. Тәуелсіздік алған жылы Түркия Президенті Тұрғыт Озал мен Елбасымыз бүкіл түркі елдерінің алтын көпірі болсын деп «Заман Қазақстан» газеті ашылып, алғашқы редакторы Қалтай Мұхаметжан болды. Содан бері газет халқымыздың үлкен көзайымына айналды. Кейіннен ол «Қазақстан заманына» ауысты. Газет қай кезде болса да ұлттық мүдде, қазақ елінің жағдайына қатысты мәселелерді көтереді. Жаңа жылда жаңа айдарлар ашылып жатыр. Олардың бірі «Әкім бол, халыққа жақын бол» айдары. Жалпы, өзіміз түйіндеп, он сауал ұйымдастырдық. Облыс, өңір бойынша әкімдерге көкейтесті мәселелер жіберіледі. Одан кейін оқырмандар газеттен сол сауалдардың жауаптарын оқитын болады. Жүрналист үнемі қозғалыста, ізденісте болуы керек. Жақында үлкен экспедиция ұйымдастырамыз. Ел, облыс, аудан, ауыл аралап, өзекті деген мәселелерді көтереміз. Елімізде 7 мыңдай ауыл бар екен. Әр ауылдың проблемаларын көтеруге ниеттіміз. 24-25 қаңтарда Астанада дөңгелек үстел ұйымдастырып, депутаттарды, министрлік өкілдерін, зиялы қауым, ауыл басшыларын шақыртып, осы проблемаларды ортаға саламыз деп жоспарлап отырмыз. Биыл - жастар жылы. Осыған орай жас журналистерге «Сен лапылдап жанбасаң...» арнайы айдар ашылды. Журналистер ел аралап, ауылдың жағдайын сезінулері керек», - дейді Ертай Айғалиұлы.

14.01.2021

Ұқсас жаңалықтар

ЖАҢААРЫҚТАҒЫ ДОП ДОДАСЫ
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі - 20.05.2024 32
Семейде бір ай бұрын жоғалған қыз өлі табылды
Альфия Адамбек, Turkistantvkz инстаграм парақшасы - 19.05.2024 66
 ШАРДАРАЛЫҚ КӘСІПКЕР БІРНЕШЕ ЦЕХТЫ ІСКЕ ҚОСПАҚШЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 18.05.2024 53
СОЗАҚТА БАЛЫҚ ӨСІРУДІ  ЖОЛҒА ҚОЙҒАН КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ САНЫ АРТТЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 18.05.2024 38

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1589
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7623
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11502
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7665
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7824