Құрметті «Qazaqstan dauiri» cеріктестігінің ұжымы!

Құрметті «Qazaqstan dauiri»   cеріктестігінің ұжымы!

Биылғы жыл сіздер үшін айтулы белес болып отыр. Осы орайда баршаңызды «Qazaqstan dauiri»  газетінің 30 жылдық, «Мөлдір бұлақ» журналының 20 жылдық мерейлі кезеңдерімен құттықтаймын!

Еліміздің ақпарат кеңістігінде қазақ баспасөзінің тынысы кеңейіп, қарым-қуаты артқан тәуелсіздік жылдарында Түркия мемлекетімен бірлескен жоба – «Қазақстан-ZAMAN» газеті жарыққа шыққанын жақсы білеміз.

Бұл басылым бауырлас екі ел арасындағы рухани байланыстың нығаюына елеулі үлес қосты. Қоғамның көкейтесті мәселелерін қозғап, оқырмандардың азаматтық белсенділігін арттыруға ықпал етті. Экономикалық, саяси, рухани тақырыптардың қай-қайсысын да назарынан тыс қалдырған жоқ. «Qazaqstan dauiri»  деген атпен жалғасын тауып келе жатқан газет жетісулықтар үшін бүгінде бөтен емес. Сол сияқты «Мөлдір бұлақ» журналы да жас жеткіншектердің танымдық қызығушылығын арттыру, шығармашылығын шыңдау жолында елеулі еңбек етіп келеді. Бүгінгі медиа кеңістік ауқымы кеңейіп, ақпарат тарату мүмкіндігі артып отырған жаңа кезеңде қос басылымның ұжымына толайым табыс тілеймін! Қаламдарыңыз қуатты, ғұмырларыңыз шуақты болсын!

 

Бейбіт Исабаев, Жетісу облысының әкімі
22.09.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЖАҢААРЫҚТАҒЫ ДОП ДОДАСЫ
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі - 20.05.2024 43
Семейде бір ай бұрын жоғалған қыз өлі табылды
Альфия Адамбек, Turkistantvkz инстаграм парақшасы - 19.05.2024 84
 ШАРДАРАЛЫҚ КӘСІПКЕР БІРНЕШЕ ЦЕХТЫ ІСКЕ ҚОСПАҚШЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 18.05.2024 58

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1595
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7629
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11508
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7671
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7829