Құрметті Сәуле Мешітбайқызы, Ертай Айғалиұлы!

Құрметті Сәуле Мешітбайқызы, Ертай Айғалиұлы!

Азаттық таңы атқан соң жарық көрген «Qazaqstan dauiri»  басылымын орда бұзар жасқа келуімен батысқазақстандық оқырмандар атынан шын жүректен құттықтаймын!

Тәуелсіз Қазақстанның төл газетінің парақтарында мақалалар дәуір үнімен үндес екенін бірден аңғаруға болады. Яғни үнпарақ атына заты сай. Егемен еліміздің тыныс-тіршілігін, кешегісі мен бүгінін қалың оқырманға жеткізіп, ел шежіресін қағазға хаттаған басылымның беделінің қашан да биік боларына сенім мол.

Ел мүддесі жолындағы үнпарақта Ақ Жайық өңірінің де жасампаз істері жарық көріп жатқанына қуаныштымын. «Qazaqstan dauiri» заман талабына сай жаңғырып, отыз жылдық белесті жаңа жетістіктермен, толайым табыстармен қарсы алып отырғандығы қуантады.

Газет редакциясында еңбек етіп жүрген қалам иелері алдағы уақытта да халқымыздың мұрат-мақсаты мен қоғам дамуына лайықты үлесін қоса береді деп сенемін. Басылым ұжымына зор денсаулық, шығармашылық табыстар тілеймін!  

 

Ғали Есқалиев, Батыс Қазақстан облысының әкімі
22.09.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЖАҢААРЫҚТАҒЫ ДОП ДОДАСЫ
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі - 20.05.2024 45
Семейде бір ай бұрын жоғалған қыз өлі табылды
Альфия Адамбек, Turkistantvkz инстаграм парақшасы - 19.05.2024 87
 ШАРДАРАЛЫҚ КӘСІПКЕР БІРНЕШЕ ЦЕХТЫ ІСКЕ ҚОСПАҚШЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 18.05.2024 59

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1596
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7630
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11509
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7672
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7830