Су тасқынына қарсы жұмыстарды күшейту және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету

 Су тасқынына қарсы жұмыстарды күшейту және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев су тасқыны қаупінің алдын алу және жою мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Басқосу барысында ТЖД және салалық басқармалардың, Тараз қаласы мен аудан әкімдерінің есептері тыңдалып, оларға нақты тапсырмалар берілді.

Аймақ басшысы су тасқынына қарсы барлық іс-шараларды үйлестіру мен сапалы іске асыруды қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.

— Мемлекет басшысы су тасқынына қарсы жұмыстарды күшейту және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тиісті міндеттер жүктеді. Біз нақты іс — қимыл жоспарына дайын болып, кез келген қауіп-қатерге жедел әрекет етуіміз керек, — деп атап өтті Ербол Қарашөкеев.

Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Арман Тоқанов су тасқыны жағдайын бақылау бойынша тәулік бойы кезекшіліктер ұйымдастырылып, су қоймаларының толу дейгейіне үздіксіз мониторинг жүргізіліп жатқанын хабарлады. Оның айтуынша, халықты қабылдауға арналған 396 пункті дайындалған.
Жағдайға жедел ден қою мақсатында 1459 адам, 364 бірлік техника, 135 су айдау құралы, 19 жүзу құралын қамтитын арнайы топтар құрылған.

Ербол Қарашөкеев жағдайды бақылауда ұстауды, су тасқыны қаупі бар учаскелерде қажетті резервтер мен мобильді топтарды қалыптастыруды, техниканың дайындығын тексеруді талап етті.

Сондай-ақ, облыс әкімі Тараз қаласының басшылығына облыс орталығындағы және тұрғын алқаптардағы барлық каналдар мен арықтардың тазалығын қамтамасыз етуді тапсырды.

Кеңес барысында облыс орталығы мен аудан әкімдерінен жауаптар алынып, «Қазсушар» РМК өңірлік филиалының бас инженері Ербол Әбдірахмановтың су қоймаларының жай-күйі туралы есебі тыңдалды.

— Басты мақсат – адамдардың қауіпсіздігі. Аудан әкімдері мен басқарма басшылары су қоймаларының, су нысандарының жай-күйін және су тасқынына дайындығын жеке өздері барып көріп, тексеруі тиіс. Қатардағы маманды жіберіп, қағазда бәрі жақсы деп жазып берген жауап қабылданбайды. Нақты, шынайы жағдайды анықтап, соған сәйкес тиімді шаралар қабылдануы керек. Жалған ақпарат бергендердің жауапкершілігі қаралатын болады, — деді облыс әкімі.

Жамбыл облысы әкімдігі
31.03.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЖАҢААРЫҚТАҒЫ ДОП ДОДАСЫ
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі - 20.05.2024 34
Семейде бір ай бұрын жоғалған қыз өлі табылды
Альфия Адамбек, Turkistantvkz инстаграм парақшасы - 19.05.2024 69
 ШАРДАРАЛЫҚ КӘСІПКЕР БІРНЕШЕ ЦЕХТЫ ІСКЕ ҚОСПАҚШЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 18.05.2024 55
СОЗАҚТА БАЛЫҚ ӨСІРУДІ  ЖОЛҒА ҚОЙҒАН КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ САНЫ АРТТЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 18.05.2024 41

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1591
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7626
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11504
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7667
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7826