Тәуелсіздік тағанысың, Желтоқсан!

Тәуелсіздік тағанысың, Желтоқсан!

Не қылса да жазылмайтын жарам бұл,

Шемендейін жүректегі налам бұл.

Оттай жанған намысымның   белгісі  –

Омырауыңа шоқтай ыстық тағам гүл..!

 

Дүниені дүр сілкінткен дүмпуі

Ата-баба аңсаған ең сәулелі санам бұл.

Тас бұғауды күл-парша етіп талқандап,

Еркіндікке қарай басқан  ең алғашқы 

                                       қадам бұл!..

 

Намыс оты жарқ-жұрқ еткен көзінде,

Қырандайын еркін қалқыр көгінде.

Бұғаулыққа, бодандыққа көнбейтін

Қаннан келген тектілік бар тегінде.

 

Жастар едік от жалыннан жаралған,

Кәусар бұлақ, ақ уыздан нәр алған.

Басын тігіп қарсы шыққан қоғамға,

Үкіметтің үйі Брежнев деп аталған алаңға,

Өзі барып түспек енді Кеңес деген аранға,    

Көкейінде Ата-баба аманаты – көп арман,

Арқасында – қазақ дейтін қара орман!

 

Жүрегімнің қалауысың, Желтоқсан,

Рухымсың алауысың, Желтоқсан,

От-жастықтың қан-жанымен құйылған,

Тәуелсіздік тағанысың, Желтоқсан,

 

Еркіндіктің бағамысың, Желтоқсан,

Жауап берер жан бар ма екен ғаламда,

Жанымдағы жарам үшін, Желтоқсан.

Желтоқсан оқиғасы деген жәй бағам үшін,

Төгілген қан, жыртылған жағам үшін,

Азаматтан айырылған  азам үшін 

Желтоқсан! 

Ел еңсесін көтеріп алармысың, Желтоқсан!

 

Баян БЕКЕТОВА, ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері
19.12.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЖАҢААРЫҚТАҒЫ ДОП ДОДАСЫ
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі - 20.05.2024 38
Семейде бір ай бұрын жоғалған қыз өлі табылды
Альфия Адамбек, Turkistantvkz инстаграм парақшасы - 19.05.2024 78
 ШАРДАРАЛЫҚ КӘСІПКЕР БІРНЕШЕ ЦЕХТЫ ІСКЕ ҚОСПАҚШЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 18.05.2024 57

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1594
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7627
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11506
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7669
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7827