ТҮРКІСТАН: АППАРАТ БАСШЫСЫ BEELINE КОМПАНИЯСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

ТҮРКІСТАН: АППАРАТ БАСШЫСЫ BEELINE КОМПАНИЯСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының өңірдегі интернет желісінің сапасын жақсарту және шалғай елді мекендерді интернет желісімен қамту бойынша берген тапсырмасы аясында тиісті басқарма тарапынан операторлармен бірлескен жұмыстар жүргізілуде. Осы мақсатта Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы Еркеғали Әлімқұлов «КАР-ТЕЛ» ЖШС-нің бас атқарушы директоры Настрадин Евгений бастаған Beeline компаниясының өкілдерімен кездесті. Тараптар Түркістан өңірінде интернет сапасын арттыру бойынша барлық мүмкіндіктерді қарастырып, әріптестікті нығайту жайын қозғады.
Аппарат басшысы облыстағы интернет жағдайына тоқталып, ауылдық елді мекендерді сапалы мобильді интернетпен қамтуда қажетті қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді. – Киелі Түркістан қаласына қош келдіңіздер! Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ұялы байланыспен қамту мәселесіне, интернет желісінің сапасына ерекше назар аударуда. Президентіміз 1 қыркүйектегі Жолдауында Қазақстанды IT-мемлекетке айналдыруды тапсырды. Бұл тапсырманы орындау үшін, ең алдымен, тұрғындарды сапалы интернетпен қамту қажет. Облыс тұрғындарының 80 пайызы ауылдық елді мекендерде тұрады. Сондай-ақ Мемлекет басшысы ауылдарды дамытуға ерекше назар аударуды тапсырған болатын. Облыс бойынша 46 ауылдық елді мекенде мобильді байланыс мүлдем жоқ болса, 100 ауылдық елді мекен мобильді интернет желісімен қамтылмаған. Сіздермен келісілген Жол картасына сәйкес, облыстағы 36 елді мекенде жаңа базалық станция орнату, 27 елді мекеннің базалық станциясын жаңғырту жоспарланған. Бұл жұмыстар мерзімінде және сапалы орындалады деп күтеміз. Жол картасынан тыс қалған 37 ауылдық елді мекен бар. Осы ретте, сіздерден осы 37 ауылдық елді мекенді сапалы мобильді интернетпен қамтуды ұсынамыз. Ол үшін, біз, өз тарапымыздан, қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге дайынбыз, – деді Еркеғали Әлімқұлов.
«КАР-ТЕЛ» ЖШС-нің бас атқарушы директоры облыс аумағында атқарылған жұмыстарды таныстырып, ауылдарды мобильді интернет желісімен қамтуда туындайтын кедергілерді шешуге ықпал жасауды сұрады. Бұдан бөлек, Space X компаниясының Starlink спутниктік интернет желісі арқылы ауылдарды интернетпен қамту мүмкіндіктерін қарастыруды айтты. Облыстағы байланыс саласы бойынша облыстық цифрландыру басқармасының басшысы Әсет Әбдіраханов баяндады. Оның айтуынша, Түркістан облысының елді мекендерінің интернет желісіне сапалы кең жолақты қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша Жол картасы әзірленді. Жол картасына өңірдің ауылдық елді мекендерін мобильді интернетпен қамту бойынша ұялы байланыс операторларының лицензиялық міндеттемелеріне 278 елді мекен енгізілді. Кездесу нәтижесімен аталған компания өкілдері елді мекендерге талдау жүргізуге және Жол картасынан тыс қалған ауылдарды интернет желісіне сапалы кең жолақты қолжетімділікті қамтамасыз етуге жұмыс жасайтындарын жеткізді. Айта кетейік, ұялы байланыс операторларымен қамтамасыз ету және облыс аумағында интернет желісінің сапасын жақсарту мақсатында 2022-2023 жылдарға «КаР-Тел» ЖШС тарапынан 84 ауылдық елді мекенде интернет желісінің сапасын жақсартылды. Ал 2023-2024 жылдары 32 ауылдық елді мекенде жаңа базалық станциялар орнатты. Сондай-ақ, 2024-2025 жылдарға 44 ауылдық елді мекенде жаңа базалық станцияларды орнатуды жоспарлап, оның ішінде 15-ін орнатып үлгерді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
04.05.2024

Ұқсас жаңалықтар

Семейде бір ай бұрын жоғалған қыз өлі табылды
Альфия Адамбек, Turkistantvkz инстаграм парақшасы - 19.05.2024 48
 ШАРДАРАЛЫҚ КӘСІПКЕР БІРНЕШЕ ЦЕХТЫ ІСКЕ ҚОСПАҚШЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 18.05.2024 47
СОЗАҚТА БАЛЫҚ ӨСІРУДІ  ЖОЛҒА ҚОЙҒАН КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ САНЫ АРТТЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 18.05.2024 35

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1579
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7613
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11491
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7656
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7816