ТҮРКІСТАН: КЕНТАУДА АРДАГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ТҮРКІСТАН: КЕНТАУДА АРДАГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Облыс әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев пен Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов ҰОС ардагері Бадан Төребай мен тыл ардагері Қалтай Алдиновтың шаңырағына барып, мерекемен құттықтады. Түркістан облысының әкімі Дархан Амангелдіұлының құттықтау хатын табыстады.
Өз кезегінде соғыс ардагері мен тыл еңбеккері, жас ұрпақтың бейбіт өмірде бақытты ғұмыр кешуін тілеп, қазақ елінің тәуелсіздігі мәңгі жасай берсін деп ақ баталарын тілегін арнады.
1924 жылы дүниеге келген Бадан Төребаев 1944 жылы 15 қазанда шақыртумен әскерге аттанып, 4 ай әскери дайындықтан өткен соң, Белоруссиядан бастап Берлинге дейінгі қан майдандарда шайқасқан.
Майдангер ауыр шайқаста көзге түсіп, «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған. Сондай-ақ І-ші дәрежелі «Ұлы Отан Соғысы» орденімен, 2 рет «Ерлігі үшін», «Берлинді алғаны үшін», «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен наградталған.
Елге 1950 жылы қарашада оралып, Кентау қаласындағы «Мырғалымсай» кенішінде ұзақ жылдар бойы қызмет атқарып, сол қызметі зейнетке жеткізді. Ол 2 ұл, 3 қызынан 14 немере, 31 шөбере, 2 шөпшек сүйген бақытты ардагер.
Ал, Қалтай Алдинов 7 мамыр 1941 жылы дүниеге келген. Жастайынан еңбек араласып өскен қария соғыс жылдар өмірдің тауқыметін көріп есейген. 1961 жылы “Ачполиметалл” комбинатының құрылыс жұмыстарында қызмететкен. Қазіргі таңда 6 ұл қыздан 20 немере, 18 шөбере, 1 шөпшек көріп отырған бақытты ардагер.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
08.05.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЖАҢААРЫҚТАҒЫ ДОП ДОДАСЫ
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі - 20.05.2024 31
Семейде бір ай бұрын жоғалған қыз өлі табылды
Альфия Адамбек, Turkistantvkz инстаграм парақшасы - 19.05.2024 64
 ШАРДАРАЛЫҚ КӘСІПКЕР БІРНЕШЕ ЦЕХТЫ ІСКЕ ҚОСПАҚШЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 18.05.2024 52
СОЗАҚТА БАЛЫҚ ӨСІРУДІ  ЖОЛҒА ҚОЙҒАН КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ САНЫ АРТТЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 18.05.2024 37

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1587
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7620
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11497
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7663
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7822