ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ КОРЕЯЛЫҚ КӘСІПОРЫН БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЛІССӨЗДЕР ЖҮРГІЗДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ КОРЕЯЛЫҚ КӘСІПОРЫН БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЛІССӨЗДЕР ЖҮРГІЗДІ
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды бастаған облыс делегациясы Оңтүстік Корея мемлекетіне іссапармен барды. Делегация басшысы Оңтүстік Кореяның бірқатар ірі компанияларының басшыларымен екіжақты кездесулер өткізді.
Сапар барысында облыс әкімі Doosan Enerbility компаниясының вице-президенті Ким Чон Гванмен кездесті. Тараптар кездесу барысында ынтымақтастықтың ықтимал мүмкіндіктерін талқылады. Келіссөздер жүргізді. Онда компанияның стансалар салуда және озық технологиялар мен жабдықтарды қолдануда үлкен тәжірибесі бар екені айтылды.
Екі елдің сауда-экономикалық саласында іскерлік қарым-қатынастың орнағанын айтқан өңір басшысы Түркістан облысының шетелдік инвесторлар үшін қолайлы аймаққа айналғанына тоқталды. Дархан Сатыбалды 2 миллионнан астам халқы бар өңірдің дамуы үшін шетелдік инвесторларды тарту маңызды екенін айтып, бұл орайда инвестициялық бестіктің әрдайым алдында жүретін Корея елінің орны ерекше екенін жеткізді. Сондай-ақ кореялық бизнесмендерді облыстағы құрылыс, ауыл шаруашылығы мен қайта өңдеу және медицина салаларына инвестиция құюға шақырды.
Doosan Enerbility жол-құрылыс техникасын шығару бойынша әлемде жетінші орында тұр. Дүние жүзі бойынша компанияның 100-ден астам филиалы бар. Кәсіпорындар экскаваторлар, өндірістік жабдықтар мен тұтыну тауарларын жасап шығарады. Құрылыс және қаржылық, консалтингтік және IT қызметтерін ұсынады.
Компания Орталық Азияда энергетикалық турбиналар шығаратын зауыт салуды жоспарлап отыр. Өткен жылы «Samruk-Kazyna Construction» АҚ мен Doosan Heavy Construction арасында Түркістан облысында қуаты 1000 МВт электр станциясын салу жөнінде келісімге қол қойылды.
Сапар барысында Түркістан облысының делегациясы Doosan Enerbility офисі және музейімен танысты.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
03.04.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЖАҢААРЫҚТАҒЫ ДОП ДОДАСЫ
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі - 20.05.2024 41
Семейде бір ай бұрын жоғалған қыз өлі табылды
Альфия Адамбек, Turkistantvkz инстаграм парақшасы - 19.05.2024 80
 ШАРДАРАЛЫҚ КӘСІПКЕР БІРНЕШЕ ЦЕХТЫ ІСКЕ ҚОСПАҚШЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 18.05.2024 58

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1594
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7627
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11506
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7669
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7827