Жамбыл ауданында ревакцинациялаудан өткендер саны 4664-ке жетті

Жамбыл ауданында ревакцинациялаудан өткендер саны 4664-ке жетті

Елімізде өткен жылдың ақпан айынан бастап қазақстандықтарға аты жаман індетке қарсы екпе егіле басталғаны белгілі. Бастапқыда коронавирусқа қарсы екпе 21 күн аралықта екі кезең бойынша жүргізіліп келген. Кейін халықаралық сарапшылар ревакцинациялаудың маңыздылығын атап өтіп, үшінші мәрте екпеден өту керектігін мәлімдеді. Яғни, бірінші доза антиденелердің аз мөлшерін енгізуге байланысты қысқа қорғаныс әсерін берсе, екінші доза біріншісінің әсерін күшейтеді. Үшінші доза екіншінің қарқынын арттырады. «COVID-19» індетіне қарсы екпеден өту індетті ауыздықтауға, сондай-ақ ұжымдық тұрақты иммунитет қалыптастыруға септігін тигізеді. 

  

 Вакцинациялаудан өту арқылы жақындарымыздың өміріне, оның денсаулығына қалқан боламыз. Ал, коронавирус инфекциясымен ауырған адам екпені 6 айдан кейін салдырады. Мұны әрбір азамат ескергені дұрыс. Сондай-ақ, науқаспен байланыста болған азаматтар карантин мерзімі біткеннен кейін екпе салдыруы керек.

 

 Бүгінде індетке қарсы ауданға 38881 вакцина жеткізіліп, 100 пайызға игерілсе, екінші компоненттің 36916 дозасы қайта егілді. Ал ревакцинация бойынша айтар болсақ, орталық ауруханаға 4997 дозасы келген болатын. Бүгінде оның 4664-і аудан тұрғындарына салынды. Жалпы жұртшылыққа «QazCovid-in», «Спутник-V», «Hayat-vax» екпелері ектірілуде. Екпенің қай түрін салдыру әр азаматтың өз еркінде. Екпе егу шаралары өз жалғасын табуда. 

Алтай Сауруқов, Жамбыл аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері.
13.01.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЖАҢААРЫҚТАҒЫ ДОП ДОДАСЫ
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі - 20.05.2024 27
Семейде бір ай бұрын жоғалған қыз өлі табылды
Альфия Адамбек, Turkistantvkz инстаграм парақшасы - 19.05.2024 57
 ШАРДАРАЛЫҚ КӘСІПКЕР БІРНЕШЕ ЦЕХТЫ ІСКЕ ҚОСПАҚШЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 18.05.2024 51
СОЗАҚТА БАЛЫҚ ӨСІРУДІ  ЖОЛҒА ҚОЙҒАН КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ САНЫ АРТТЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 18.05.2024 37

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1584
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7617
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11495
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7660
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7819