Жамбылда 101 жастағы әже «Таза қазақстан» акциясына үлес қосты

Жамбылда 101 жастағы әже «Таза қазақстан» акциясына үлес қосты

Мемлекет басшысының тапсырмасымен еліміз бойынша «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтуде. 

Акцияға этномәдени бірлестік өкілдері де белсене атсалысуда. 

Атап айтқанда, «Өнегелі ұрпақ» апталығының алғашқы күні Тараз қаласының 101 жастағы тұрғыны, тыл еңбеккері, ғасыр жасаған ана Авалова Улсоной үйінде тал егу және  абаттандыру жұмыстары жүргізіледі.

Авалова Улсоной 1923 жылы дүниеге келген, тыл ардагері. Бар саналы ғұмырында қарапайым еңбекті насихаттаған қарт ана «Тағдырыма ризамын. Жүз жылдық ғұмырымда қаншама қиын-қыстау күндерді бастан кешірдік. Бірақ оған ешқашан мойыған емеспіз. Қандай қиындық болса да еңбекпен еңсеруге тырыстық. Сол еткен еңбектің еш кетпегенін, әр ісіміздің ұрпақ тарапынан бағаланатынына бүгін тағы да көз жеткіздім. Баршаңызға алғысым шексіз»,- деді Улсоной әже. 

Шараның мақсаты - ардагерлердің аулаларын тазалау, оларға тұрмыста көмектесу, қарттар үйлерінің аумақтарын абаттандыру арқылы республикалық деңгейдегі акцияға қолдау көрсету болып табылады.

Жамбыл облысы
29.04.2024

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА МҰЗ АЙДЫНЫНДА ТЕАТРЛАНДЫРЫЛҒАН ҚОЙЫЛЫМ ҚОЮ ЖОСПАРЛАНУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 21.05.2024 53
ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДА ЖЫЛЫНА 5 МЫҢ ТОННА ҚҰС ЕТІН ӨНДЕРЕТІН ФАБРИКА ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі - 21.05.2024 44

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1634
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7669
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11546
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7708
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7870