ЖАМБЫЛДЫҚТАР БАНАН МЕН ЛИМОН ӨСІРУДІ ҚОЛҒА АЛДЫ

ЖАМБЫЛДЫҚТАР БАНАН МЕН ЛИМОН ӨСІРУДІ ҚОЛҒА АЛДЫ
Ерназар ауылының тұрғыны Ермұхан Әжіғат өткен жылы “Қайтарымсыз грант” алып, ауласында жылыжай соқты.
Дәл қазіргі кезеңде 1 соттық жерде кезекті өнім жайқалып өсіп, оны жинау жұмыстарына кіріскен. Кәсіпкер италияндық “клэри” тұқымын арнайы Шымкенттен алып келіп, ерекше жемісті баптауды да меңгеріп алған. Қазір бұл істің басы-қасында ұлы екеуі жүр. Қыс бойы дайын өнімді ауданның кәсіпкер қыз-келіншектері шоколадты құлпынай жасауға сатып алған. Тұрақты тұтынушылары бар ерназарлық азамат алыстан емес ауласынан тағы лимон мен банан өсіруге дайындық жұмыстарын жүргізуде. Тәжірибе ретінде құтыға алғашқы лимонды отырғызып, оның жемісін күтуде.
Аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы Қуат Ошақбайдың мәліметі бойынша, аймақта тұрақты табыс тауып отырған 8 639 шағын және орта бизнес субьектілері бар. Нысандарда 7 915 адам еңбек етіп, жалпы 30,3 млрд теңгенің өнімі өндірілген.
Жамбыл ауданы әкімдігі
04.04.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЖАҢААРЫҚТАҒЫ ДОП ДОДАСЫ
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі - 20.05.2024 33
Семейде бір ай бұрын жоғалған қыз өлі табылды
Альфия Адамбек, Turkistantvkz инстаграм парақшасы - 19.05.2024 66
 ШАРДАРАЛЫҚ КӘСІПКЕР БІРНЕШЕ ЦЕХТЫ ІСКЕ ҚОСПАҚШЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 18.05.2024 54
СОЗАҚТА БАЛЫҚ ӨСІРУДІ  ЖОЛҒА ҚОЙҒАН КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ САНЫ АРТТЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 18.05.2024 39

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1589
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7623
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11502
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7665
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7824