ЖАС ШЕКАРАШЫ» ƏСКЕРИ ПАТРИОТТЫҚ СЫНЫБЫ АШЫЛДЫ

ЖАС ШЕКАРАШЫ» ƏСКЕРИ ПАТРИОТТЫҚ СЫНЫБЫ АШЫЛДЫ
Өскелең ұрпақты патриоттық тәрбиелеу мен азаматтық сезімдерін қалыптастыру бүгін мемлекет пен қоғамның өзекті мәселелерінің бірі. Отанға деген сүйіспеншілік болмай бәсекеге қабілетті әрі күшті болу мүмкін емес. Болашақ жеткіншектерді елін, жерін қорғауға патриоттық рухқа тәрбиелеу маңызды екені сөзсіз.
Осы орайда ҰҚК Шекара қызметі Жамбыл облысы бойынша департаментінің Жамбыл, Қордай, Меркі аудандары бойынша шекара басқармалары Жалпы білім беретін мектептермен тығыз байланыста әскери-патриоттық клубтар құрып, жас ұрпақты тәрбиелеуде жүйелі түрде кешенді жұмыстар жүргізіп келеді.
Атап айтар болсақ, ҰҚҚ Шекара қызметі Жамбыл облысы бойынша департаментінің Жамбыл ауданы бойынша шекара басқармасының тәрбиелік, идеологиялық және әскери-патриоттық жұмыс, құқық бұзушылықтан алдын алу бағдарламалары мен жоспарларын жүзеге асыру мақсатында Ә.Молдағұлова атындағы №28 орта мектебі, алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы Төлегенов Думан Бахтыбекұлы, Қордай ауданы бойынша шекара басқармасы Д.Қонаев атындағы мектеп-гимназия, директоры Суджата Саятовна, Меркі ауданы бойынша шекара басқармасы А.Аскаров атындағы мектеп-гимназиясы Әскери дайындық пәннің жетекшісі Темирбеков Нурлан Дүйсенбаевич жалпы білім беретін мектеп әкімшіліктерімен бірлесе отырып, әскери-патриоттық тәрбиенің рөлін күшейту мақсатында «Жас шекарашы» әскери-патриоттық сыныбын ашты. Бүгінде аталған 10-11 сыныпта оқитын оқушылар қабылданды.
Білім алушылардың қатарынан келесі жылға әскери оқу орнына түсуге үміткерлерді анықтап, қажетті бағыт-бағдар берілмек. Өз еркімен қабылданған оқушыларды бұдан кейін шекарашы курсанттар қамқорлығына алып, алғашқы әскери дайындық сабақтарын кестеге сәйкес, жүргізіп отыратын болады.
Әскери патриоттық үйірме болашақ ұрпақтарымызды отанын сүюге тәрбиелейді және жастарды болашақта қарулы күштер қатарына қызметке дайындайды. Егеменді еліміз ҚР тәуелсіздігіміздің кепілі. Оның қарулы күштері болса, оның тәуелсіздігін қамтамасыз ететін саяси шыңдалған шыншыл, әрі батыл, қайсарлы және қайратты, жауапкершілігі жоғары,болашақ жауынгерлерді даярлау ісін мектеп қабырғасында жұмыс жасайтын әскери-патриоттық үйірмелер жұмыс атқарады.
ҰҚҚ Шекара қызметі Жамбыл облысы бойынша департаментінің Жамбыл ауданы бойынша шекара басқармасының тәрбиелік, идеологиялық және кадрлық жұмыстар бөлімі бастығының орынбасары Мусабеков Куанышбек Алтынбекұлы «Жас шекарашы» əскери-патриоттық сыныбының болашағы зор, мектеп оқушыларын тәрбиелеуде маңызды қадам екенін жеткізді.
Жамбыл ауданы әкімдігі
06.04.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЖАҢААРЫҚТАҒЫ ДОП ДОДАСЫ
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі - 20.05.2024 34
Семейде бір ай бұрын жоғалған қыз өлі табылды
Альфия Адамбек, Turkistantvkz инстаграм парақшасы - 19.05.2024 68
 ШАРДАРАЛЫҚ КӘСІПКЕР БІРНЕШЕ ЦЕХТЫ ІСКЕ ҚОСПАҚШЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 18.05.2024 55
СОЗАҚТА БАЛЫҚ ӨСІРУДІ  ЖОЛҒА ҚОЙҒАН КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ САНЫ АРТТЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 18.05.2024 40

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1591
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7626
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11504
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7667
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7826