Жастар жалғызілікті қарттарға жәрдемдесті

Жастар жалғызілікті қарттарға жәрдемдесті

29 сәуір күні «Таза Қазақстан» республикалық акциясының «Өнегелі ұрпақ» апталығы аясында Талас ауданы, Қаратау қаласындағы жалғыз басты қарттардың ауласын абаттандыру және жабайы шөптерден тазалау жұмыстарын жүргізді.

Акция барысында, волонтерлар Қаратау қаласындағы 70-тен асқан қарт кісілілердің үйіне барып, ауласын тазалап, үй шаруасындағы жұмыстарға көмектесті.

        - Біз бүгін бейбіт заманда өмір сүріп, тәуелсіз елдің азаматы болып жүрсек ол ата-әжелеріміздің ерен еңбегі. Сол кісілердің маңдай терінің жемісі. Өз уақтысында қарияларымыз болашақ ұрпақ үшін деп ештеңеден аянбады. Ендігі жерде оларға құрмет көрсету өскелең ұрпақ біздің парызымыз деп білемін. Сондықтан да бүгінгі акция аясында қарияларға қолғабыс жасап, алғысы мен батасын алсақ деп келдік, - деді таластық жас белсенді Н.Манатбеков.

         Айта кету керек, Талас ауданы бойынша 86 жалғыз басты қарттарға үйде қызметтер көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты бойынша 7 бағытта қызмет көрсетіледі. Атап айтқанда,  әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық,әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-құқықтық және әлеуметтік-еңбек бағыттары бойынша қызметтер көрсетіледі.

Жамбыл облысы
29.04.2024

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1612
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7648
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11527
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7690
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7849