ЖҮРЕГІМЕ ҮҢІЛДІМ…

ЖҮРЕГІМЕ ҮҢІЛДІМ…

Көру үшін бір рет,
Өзіңді іздеп, Құдірет,
Талай жерді таптадым,
Бірақ Сені таппадым.

Тыншиды ма бұл кеуде,
Ендім зәулім шіркеуге.
Бойы көкпен тірескен
Таба алмадым өзіңді
Күмбездегі кірестен.

Осы ма деп тұрағың,
Сүзіп шықтым көзіммен
Иудаистер храмын.
Ол да сенің, Құдайым,
Емес екен тұрағың.

Енейін деп күйіне,
Кірдім будда үйіне.
Ғибадатхана монағы
Тас мүсінді көрсетіп
Осы деді құдайың.

О, Жаратқан, Құдірет!
Іздесем де күнімен
Жүзің тұрмақ, ізіңді
Көре алмадым бірінен.

Таусылған соң шыдамым,
Жағып үміт шырағын,
Бардым іздеп Қағбаға.
Молда шықты алдымнан
Келіңіз деп тәубаға.

Мен олардан түңілдім,
Жүрегіме үңілдім.
О, Құдірет – Жасаған!
Сонда ғана түсіндім,
Сенің ұлы мекенің
Ж Ү Р Е Г І М Д Е Е К Е Н І Н.

Джалаладдин Румидің шығармасы.

Өлеңге айналдырған Мұқтарбек Тұрысбекұлы 12.02.23 ж.
13.02.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЖАҢААРЫҚТАҒЫ ДОП ДОДАСЫ
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі - 20.05.2024 43
Семейде бір ай бұрын жоғалған қыз өлі табылды
Альфия Адамбек, Turkistantvkz инстаграм парақшасы - 19.05.2024 83
 ШАРДАРАЛЫҚ КӘСІПКЕР БІРНЕШЕ ЦЕХТЫ ІСКЕ ҚОСПАҚШЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 18.05.2024 58

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1595
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7629
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11508
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7671
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7829