“…Кімді жақсы көріп, кімді қадірлеймін…..”

0
347

«Дәл осы күнде қазақтың ішінде кімді жақсы көріп, кімді қадірлеймін деп ойландым». Бұл Абай бабамның пікірі. Ал біз осы заманда кімді жақсы көріп, кімді қадірлейміз?Бізде бай көп. Егер халқына көлеңкесін түсіріп, байлығын кедей-кепшікпен бөлісіп жатса неге жақс көрмеске, неге қадірлемеске оларды. Өкінішке орай ондайлар болмай тұр ғой. Біз бұрын байларды «миллионерлер» дейтінбіз. Қазір бізде миллиардерлер бар. Олардың байлығы мүшкіл жағдайдағы теңгемен өлшенбейді, тек доллармен! Яғни оларды шіріген бай деуге болады. Абай бабамыздың кезіндегі байлар малымен көрікті еді. Негізінен ол байлық көбінесе еңбекпен келеді. Қалай жамандасаңда ол кезде жетім мен жесір, қайыршы дегендер болмайтын. Болса да байлар, ағайындар қамқорлығына алатын. Қазір жетім мен жесіріміз айдалада қараусыз қалды. Қайыршылар, кедей-кепшіктер өте көп. Миллиардерлеріміздің қалай байығанын халық жақсы біледі. Жемқорлықпен байығандар халыққа тиесілі қазба байлықтарды тартып алып, иеленгендер бізде бай болып есептелінеді. Сөйте тұра халқына бір теңге бергісі жоқ. Ал оларды тартып алып, халыққа бергісі келетіндерді билік қамап, күн көрсетпейді. Ендеше байларды қалай жақсы көрерсің?
Билікті, шенеуніктерді қадірлеп, жақсы көруге бола ма? Естуімізше елдегі байлықты иеленіп отырғандардың дені солар екен. Сол билікте отырып бизнестерін қорғап, қоршап, өркендетіп отырады дейді. Біздегі қарапайым халық шынын айту керек шенеуніктерді жақсы көрмейді, билікке сенбейді. Себебі жегіш миллиардерлерге, миллионерлерге олар түк істей алмай отыр. Олар алшаң басады. Базар да, алып дүкендер де, мейрамханалар да, жердің қазба байлықтары да, тіптен жер де солардікі. Тіптен кейбір шенеуніктерді «қой терісін жамылған қасқырларға» ұқсатасың. Бізде қазір теңге сабанға айналды, қымбатшылық күннен-күнге құтырып барады. Ал билік ол қасіретімізге ештеңе істей алмай отыр. Сонда қолдарынан түк келмейтін шенеуніктерді қалай жақсы көрерсің, қалайша құрмет тұтасың? «Сатып алған, жалынып, бас ұрып алған болыстық пен биліктің ешбір қасиеті жоқ» дейді Абай бабам.

Ақсақалымызды, қартымызды жақсы көрейін десең көбісі арақ ішеді, әңгімелері сұйық, терең емес. Олардың дені биліктің алдында жағымпазданып, елдің, халықтың, болашақ ұрпағының жағдайын айта алмайды. Шындықты айта алмайтын оларды қалай жақсылыққа бұрарсың?
«Жә, кімді сүйдік, кімнің тілеуін тіледік?» деп бабамыз ең соңында бәрінен үміт үзеді. Біз ше? Ең болмаса алыстан жылт-жылт еткен үміт оты бар ма? Қазақтың, халықтың жағдайы не болмақ? Ішкі, сыртқы жаулардың есебі жоқ. Бәлкім жастарымыз бірдеңе істер. «Сонан басқаны таба алмадым.

Ертай Айғалиұлы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.