«Мөлдір бұлақ» – жас оқырмандар серігі

0
424

Жалпыұлттық «Алтын жұлдыз» сыйлығының иегері «Мөлдір бұлақ» республикалық балалар журналы 2002 жылдан бері ай сайын жарық көріп келеді. Жоғары интелектілікке бағытталған басылымда жас оқырмандарға арналған түрлі қызықты материалдар, сөзжұмбақтар, оқушылар шығармашылықтары, өлеңдері мен салған суреттері, ғибратты әңгімелер үзбей жарияланып отырады. Қазақ елінің келешегін жарқын етер жас зиялыларымыз үшін 1 бет ағылшынша, 4 бет орысша және 2 бет латын әліпбиімен берілетін материалдар да бар.
«Мөлдір бұлақ» журналында «Өнер», «Мен сені жақсы көрем, өмір!», «Туысқан ел әдебиеті», «Біліп жүр», «Қолың қалт еткенде», «Жүздесу», «Базарлық», «Спорт», «Табиғат тылсымдары», «Ата-ана назарына», «Біздің мұқабада», «Алуан-алуан жүйрік бар», «Сарап», «Біз де бала болғанбыз», «Мінбер», «Сұхбат», «Жас талап», «Шығармашылық шыңы», «Кітап – қазына», «Ертегі», «Біздің мақтанышымыз», «Балғын бояу шеберлері», «Ботақан», «Бақшадағы бүлдіршін беті», «Ойың ұшқыр болсын, балақай!», «Кім болам?», «Мамандықтар маңызы», «Жүрекжарды», «Мектеп жаңалықтары», «Өнердің жүзіп өріне», «Мықты болсаң тауып көр», «Сөз өнері», «Ізгі тілек», «Денсаулық», «Ойын ой өсіреді» сияқты тұрақты айдарлар бар. Бұл айдарлар арқылы жас оқырмандарымызға түрлі танымдық, ойлау көкжиегін кеңейтер, ойды дамытар, білімдерін жан-жақты тереңдетер, тәрбиелік дағдыларды қалыптастырып, түрлі қабылеттерді жетілдірер материалдар жарияланып тұрады.
Журналдың бір ерекшелігі – шығармашылықпен айналысқысы келетін жас таланттарға бағыт-бағдар беріп, жол көрсету, еңбектерін, ізденістерін қолдау мақсатында олармен қарым-қатынас орнату, басылым бетінде шығуына мүмкіндік беру.
«Мөлдір бұлақ» журналы жыл сайын оқырмандарына арналған шығармашылық байқау өткізуді дәстүрге айналдырған. 2019 жылы өткен республикалық байқау «Мен оқыған керемет кітап» деп аталды. Байқауға қатысқан 150-ге тарта үміткерлердің 25-і үздік деп танылып, олар Алматы қаласындағы Қазақстан Жазушылар кітапханасында өткен марапаттау рәсіміне арнайы шақырылып, дипломдармен, бағалы сыйлықтармен, ұстаздары Құрмет грамоталарымен, ата-аналары алғыс хаттармен марапатталды. Жеңімпаздар Қостанай, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Алматы, ОҚО, ШҚО, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарынан, Алматы қаласындағы мектептерден келіп, марапаттау рәсімінен мерейлері өсіп, «Мөлдір бұлақ» журналының жас тілшісі деген куәліктерін алып қайтқаны қуаныш болды. Биылғы жылғы шығармашылық байқауымыз Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Жүрегімнің түбіне терең бойла» деп аталады. Оған еліміздің барлық аймақтарындағы оқырмандарымыз – мектеп оқушылары тегін қатыса алады. Журналға жазылды деген квитанция түбіртегі мен эссесін moldir_bulak@mail.ru электронды поштасына жіберсе болды.
Өте белсенді оқырмандарымыз журналдың жас тілшісі деген куәлік алып, ай сайынғы шығатын журнал үрдісіне араласып, мақалалары мен алған сұхбаттарын, материалдарын шығарып тұруға мүмкіндік жасайды. Журналистика факультетіне оқуға түскісі келетін оқушыларға бұл үлкен тәжірибе, мектеп екені сөзсіз. Жас тілшілер арнайы чатқа қосылып, бас редактор мен журналистерден тікелей тапсырмалар алып, өз идеяларымен бөлісе алады.
«Мөлдір бұлақ» журналы еліміздің ұлтжанды, отансүйгіш ұл-қыздарына арналған танымдық басылым болғандықтан оқырмандарын «елге – елеулі, халыққа – қалаулы, Отанға – опалы» болуға тәрбиелейді. Ата-аналар мен ұстаздарды қадырлеуді, үлкенді сыйлауды, кішілерге қамқор болуды, мейірімді, иманды, білімді, ақылды, тәрбиелі болуды жас оқырмандар журнал оқу арқылы үйрене түсері сөзсіз.
Журналдың фэйсбук, инстаграмда өзінің жеке парақшалары бар. Жеке сайты жұмыс істеп тұр.
Ендеше, «Мөлдір бұлаққа» балаларыңызды, бауыр, іні, қарындас, сіңлілеріңізді жазғызыңыздар. 2020 жылға жазылу ары қарай да жалғасуда. Өздеріңіз тұратын мекен-жайға жақын тұрған «Қазпочта» АҚ-ның бөлімшесіне барып журналға жазылуға болады.
Алматы қаласы бойынша:
1 ай – 247 ,5 теңге;
6 ай – 1485 теңге;
9 ай – 2227,5 теңге;
12 ай 2970 теңге.
Облыстар мен аудандар, ауылдар бойынша:
1 ай –250,25 теңге;
6 ай – 1501 теңге;
9 ай – 2252,25 теңге;
12 ай – 3003 теңге.

Журналдың индексі:75937.
Телефон: 8 707- 824-76-99; 8 708-658-33-95

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.