Мырзахметовтің жобасы мақтауға лайық

0
212

Өткен жылы Жамбылда жанданған жарқын жобаның бірі де, бірегейі — тұрғындардың тұрмысын түзеуге бағытталған бағдарлы бастама екені анық. Пилоттық «проектінің» пәрменіне ел бастапқыда күдікпен қарағанымен, бүгінде үміт еселеніп ақталып отыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында еліміздің Премьер-Министрі Асқар Мамин де  Жамбыл облысында «Қарапайым заттар экономикасын» дамыту бағытында жүзеге асып жатқан жобаның болашағы жарқын екенін баса айтты.
— Өңір тұрғындарының 60 пайызы ауылдық жерде тұратын Жамбыл облысында халықтың қосалқы жерлерін пайдаға жаратып, тұрғындардың тұрмысын түзеу бағытында ауқымды жоба жүзеге асуда. Аталған жоба аясында алдағы 2 жылда ауыл шаруашылығы өнімдері — 34 пайызға, өндіріс орындарының жүктемелері – 30 пайызға артып, 4000-нан аса жаңа жұмыс орындары ашылады деп күтілуде, — деді Премьер-Министр.
Иә Асқар Мырзахметовтің жобасы қандай мақтауға да лайық. Себебі жарқын жобаның артында жалпақ жұрттың ертеңі мен қарапайым халықтың қамы жатыр. Осы тұрғыдан келгенде Үкімет басшысының жамбылдық жобаны жоғары бағалап, болашағына үміт артуы заңдылық.

С. Саятхан

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.