ҚОРДАЙДА ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

0
116

Қордай ауданына жұмыс сапары барысында Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев төтенше жағдайлардың салдарын жою жөніндегі облыстық штабтың отырысын өткізді. Оған құқық қорғау органдарының жетекшілері қатысты.
Облыстық штабтың мәліметтері бойынша, ауданда болған оқиғалар барысында 185 азамат зардап шеккен. Олардың 34-і ауруханаға жатқызылған. Сондай-ақ, 39 тұрғын үй, 20 коммерциялық нысан және 47 автокөлік өртенген.
Ағымдағы жылдың 7-13 ақпан аралығында Қордай, Қарасу, Ауқатты, Сортөбе бақылау-өткізу бекеттері арқылы Қырғыз Республикасына барлығы 23 131 адам өтіп, 21 261 адам кірген.
Ауылдарды тазалау жұмыстарына 250 адам және 53 бірлік техника жұмылдырылып, барлығы 680 тонна құрылыс қоқысы шығарылыпты.
Қазіргі уақытта 55 дүкен, 3 дәріхана, 14 жанармай құю бекеттері және 30 басқа да коммерциялық нысан тұрақты жұмыс жасауда.
Жоғалған құжаттарды қалпына келтіру үшін Сортөбе ауылдық округі әкімдігінің ғимаратында мобильді халыққа қызмет көрсету орталығы құрылды. Ол орталық арқылы бүгінге дейін 54 туу туралы куәлік, 48 жеке куәлік, балаларға арналған 1193 балаларға арналған анықтамалық қағаздар, 15 жылжымайтын мүлік туралы құжат, 8 неке туралы куәлік, 1 паспорт берілген.
Сонымен қатар, 778 зардап шегуші отбасыға барлығы 57,2 тонна болатын алғашқы кезектегі қажеттілік заттар мен азық-түліктерден құралған гуманитарлық көмек көрсетілді.
Мүлкі зардап шеккен азаматтарға жалпы 3,9 миллион теңгенің ақшалай көмегі үлестірілген. Сондай-ақ, 17,5 тонна күріш, 40 тонна ұн, 7 тонна қант, 500 литр өсімдік майы және басқа да гуманитарлық көмектер көрсетілген.
Бүгінгі таңда ауданда тұрақты жағдай сақталуда, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша тиісті жұмыстар жалғасуда.
Отырыс қорытындысы бойынша облыс әкімі Бердібек Сапарбаев тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, зардап шеккен нысандарды, мүлікті, құжаттарды қалпына келтіру және елді мекендердегі қалыпты тіршілік жағдайын қамтамасыз ету бойынша бірқатар тапсырмалар берді.

Бекнұр Сатыбалдиев

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.