«Нұрорда» шәкірттерінің болашаққа саяхаты немесе оқушылар «Ақылды шкаф», «Жүзгіш корабль», «Барлаушы» роботтарын жасады

0
90

Қай мектеп болмасын осы көрініс қой. Үзіліс кезінде дәліз ығы-жығы. Ал, мына мектеп-лицейде леп өзгеше. Білім мен ілім баптауы жақсы болғандығынан болар, алдымыздан ұшырасқан оқушылардың көздері ұщқын атады. Бұл, Нұр-Сұлтан қаласындағы «Білім-инновациялық» халықаралық қоғамдық қоры жанындағы «Нұрорда» мектеп-лицейінде оқып жүрген оқушылар еді. Біз заманауи жабдықталып, жасақталған сыныптарды аралап келе жатып, оқимын деген бала үшін бәрі жасалғанына куә болдық. Сөз жоқ бұл қазіргі заман артықшылығы. Бала өзін қалай дамытамын десе, бәрі бар. Керек деп тапса мұнда ас дайындау, киім пішіп – тігу, сурет салу, домбыра тарту, дизайнерлікке баулып, маман етіп шығарады екен. Мына бір сыныпта балалар күмбірлетіп домбыра тартып отыр. Нақ төрде домбыраға арналған арнайы сөре жасалыпты. Негізі, мұндай сөрелер барлық сыныптарға орналастырылған. Әдетте, бала айтқанды емес, күнде көзімен көргенін санасына сіңіріп өседі емес пе?! Сондықтан, біз мұны «Нұрорда» мектеп-лицейі басшыларының ұлттықты ұлықтаудағы ұтымды амалы деп ұқтық. Былтыр президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев домбыраны мектеп бағдарламасына пән ретінде кіргізу туралы тапсырған еді деп едім. Домбыра пәнінің мұғалімі Хамзина Асыл Бәйтемірқызы: «Нұрорда» мектеп-лицейінде домбыра пән ретінде жүріп келе жатқанына біраз жыл болды», – деп жауап берді. «Әр қазақтың төрінде үкілі домбыра ілініп тұруы керек», – деп Асыл апай әңгімесін жалғады. Әр қазақ домбыра шерте білсе, шертудің өзінен әр адамның бойына ұлттық қасиет ұялайды. Себебі, күйде қазақтың тағдыры, мұң-шері, жан тебіреністері мен рухы бар. Сол ұлттық болмыс қазақылық күй арқылы домбыра шерткен адамның рухына сіңеді. Домбырамен ән мен күй үйреніп отырған баланың сезімі ғана емес, екі қолының бес саусағы әрі-бері шапшаң қимылы арқылы бес ми сыңарының жұмыс істеуіне, ақыл-ойын ұшқырлыққа, имандылыққа баулиды екен. Домбыраның тарихына келсек, ол төртінші ғасырда – тас ғасырында пайда болған деседі. Асыл Хамзина балаларға домбыраны сандық әдіспен үйретеді екен. Бұл әдісті музыка ғылымының докторы Жұмакелді Нәжімеденов жасап шығарған. Кейде, Құрманғазы дәуіріндегідей құйма құлақ әдісі мен кәдімгі бәріміз білетін нота арқылы үйретеміз дейді. Сандық нотамен күй мен ән үйрену кез келген бала үшін ыңғайлы екен. Жоғары сыныптың оқушылары, әдетте жаттығуда, олимпиядада жүріп сабаққа қатыса алмай қалған кездерде, вацаппен санға түскен күй нұсқаларын жібереміз. Балалар келесі сабаққа тапсырманы бұлжытпай орындап келеді дейді. Өткен 2019 жылы Тәуелсіздік мерекесіне орай алпыс домбырашы бірігіп күй орындап, алғырлықтарымен ұстаздарымен, ата-аналарына қуаныш сыйлаған екен. Әрине, оқушыларды дайындаған домбыра сабағының мұғалімдері. Төменгі сынып оқушылары «Елім-ай», «Тепеңкөк», «Ақсақ құлан», «Бозінген», «Ел айырған», «Қос мүйізді Ескендір», «Жетім баланың зары» сияқты тарихи аңыз күйлерді үйренген. Мұрат Әбдумәліков өзінің домбырасымен күй, ән орындаған ұнайды дейді. Мысалы, Рахимбеков Алихан «Қос алқа», «Тепеңкөк» күйін, «Еркем ай», «Құттықтаймын, мама, туған күніңмен!» әнін тартып үйренген. Ұлттық аспап – домбыраға құрметіміз шексіз дейді балалар. Бұл мектепте оқушылардың білімімен бірге, шығармашылығын, ой-қиялын, мінез табандылығын қалаптастыру мақсатында түрлі әдістемелік оқу іс-шараларын өткізіп тұрады.

Өзіміз куә болған сондай шараның бірі, орыс тілі апталығы. Біз қатысқан апталықты балалар орыстың ұлттық ертегілеріне сахналық қойылым қойды. Осы апталықтың әдістемесін жасап, оқушыларға жол көрсетіп жүрген орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Адаева Қарлығаш Тілеуғалиқызы: «Оқушылар бұл жолы орыс ертегілеріне сахналық қойылым қойып, оқыған ертегілеріне мағынасы қағаз бетінде сурет қып бейнеледі дейді. Біз балаларды табандылыққа үйрету үшін, олардың арасында жүлде ұйымдастырамыз. Құрбы-құрдастарынан оза шауып, бәйгеге қол жеткізу үшін оқушылар жасап жатқан жұмыстарынның көркем де, мағыналы болып сапалы шығуына тырысады. Және жарты жолдан тастап кетпей, аяғына дейін жеткізуіне ден қоямыз. Ол балаларды табандылыққа үйретеді. Осы апталықта шәкірттерге «табандылық деген не?» деген сұрақ сөзге суретпен жауап салу тапсырмасы берілген екен. Және «Мені таңқалдырған адамдар» атты тақырыпқа жазу керек болған. Көптеген оқушылар өз құдастары Әли Тұргамбековтің табандылығын үлгі тұтамыз деп жазған. Әли туа бітті екі бірдей аяқсыз дүниеге келген бала. Бірақ, Әли жас болса да, өзінің табандылығымен бар қиыншылықты жеңіп келе жатыр. Ол ештеңеге қарамай, суда жүзу спортымен айналысып жүр. Және келешекте өзі үлгі тұтатын әлемдік футболшы Криштиану Роналдудың спортта жеткен жеңісі деңгейіне көтерілгісі келеді екен. Қазір «Нұрорда» мектеп-лицейінде оқып жүрген Әли өзі сүйетін спорт түрімен тынбай жаттығып, шеберлігін жетілдіруде. Ал, Тілеукин Нұрлан жетекшілік ететін «Робототехника» үйірмесінде оқушылар төрт курс бойынша қатысып, ілім-білім үйренеді. Бағдарламалау, дизайн, медиа және мехатроника. Мұнда түрлі бағдарламалар жасауға икемі бар, қызығатын балалар қатысуда.

Оқушылар қатысатын жарыстар әртүрлі болады. Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласында балалар қатысып жүрген жарыстарды Хакатон дейді. Жарыстардың мақсаты түрлі болады. Мысалы, былтыр ұшақ жасап қатыстық. Ал, биыл жүргізушісіз жүзетін қайық жасауда. Жақында американың Вашингтон штатының Сиэтл қаласына барып келген екен. Онда талапты балалар гугл, амазон, майкрософт деген компанияларға барып, шеберліктерімен танысқан. Ол жақта «Синапс» компаниясы біздің оқу бағдарымыз сияқты жұмыс істейді екен. Олар түрлі компанияларға жоба дайындап береді. Осы «Синапс» «Найк» компаниясы үшін моторлы, баусыз аяқ киім шығарған. Түймені басқан кезде өзі керегінше аяқ киімді қысып, аяққа туралайды. Бірақ, бұл әлі сатылымға шыққан жоқ екен. Бұлар жоғары кәсіптік деңгейде жұмыс істейді. Келешекте бізден оқып шыққан балалар да, сол шетелдік компанияларда жұмыс істеуі мүмкін дейді, Нұрлан. Алтынбек бұл жерде сабақ беріп жүрген екінші мұғалім. Ол, келе жатқан наурыз айының он сегізінде Алматы қаласында «Робототехника» бойынша кездесу болады. Одан бөлек «Киэрси» деген жарысты күтіп отырмыз, – дейді
Жас өнертапқыштар «Барлаушы» деген өзі жылжитын аппарат құрастырған. Жалпы, бір жобаны жасауға үш оқушы қатысады. Бірі, бағдарламасын, екіншісі дизайн,үшіншісі физик-инженерлік құрастыру жағын іске асырады. «Барлаушы» қызметі кейбір адам аяғы жетпейтін жерлерге қарай жіберіледі екен. Өзі ішінде орналастырған функциялар арқылы аймақтың бәрін видеоға түсріп алады. Ал, бұл төтенше жағдайларда, жер сілкінісі болған жерге таптырмайтын құрал. Сонымен қатар, балалар биік көркем ғимараттардың дизайнын жасайды. Және, өнертапқышттардың жасаған еңбектері еліміз үшін келешекте игілікті десе болады.

Олар қоқыс тастайтын жәшіктің инновациялық жобасын жасауда. Жәшік адам қоқыс тасатуға қолын созғанда өзі ашылады. Және, бір ерекшелігі тұрғын үй маңайындағы қоқыс жәшіктерінде штрих код болады екен. Мысалы, сіз бір супермаркеттен айран алдыңыз делік. Ертесіне, айран таусылып, қорабын қоқысқа апарып тастаған кезде, қораптағы штрих код арқылы айран қорабы лақтырылды деген супермаркетке сигнал түседі. Қажет деп тауып маркет кызметіне тіркеліп қойсаңыз, қызметшілер айранды үйіңізге жеткізіп береді. Бұл жобаны талапкер конструктор Ә. Дүйсенов және бағдарламшы Ш. Әбенов жасап жатыр екен. «Ақылды шкафтың» жобасы дайын болатын күн жақын. С. Қайыртай мен Н. Ақбердиев өзі жүзетін тауар тасымалымен айналысатын корабль жасауға талаптанып жатыр. Ал, Берік Батырұлы мен Айсұлтан Сызған суға, дауыс пен дыбысқа, электр жарығына арналған, ылғалдықты өлшейтін, бағдаршамнан өткенде қателесіп өтсеңіз дауыс беріп ескертетін датчик ойлап шығаруда.

Зүбайра Әкімова

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.