АЛАШ АРЫСТАРЫНА КҮМӘНМЕН ҚАРАУ – ҮЛКЕН КҮНӘ….

0
202

Ахметбек Нұрсила дейтін азамат алаш қайраткерлеріне жастардың көзқарасын білмек ниетпен  фб парақшасында пост жазыпты. «Қазақтың жастарына бір сұрағым бар еді: Алаш ардақтыларының халқы үшін жандарын пида қылғанына сенесіңдер ме? Олар өз жандарын атақ үшін, ақша үшін емес, туған халқының болашағы үшін өз таңдауларымен азапқа салғандарына, бастарын өлімге саналы түрде тіккеніне сенесіздер ме? Жоқ, басқа ниеттері болды ма? Болса қандай ниеттері болды?

Өтінерім: Алаш ардақтыларының елінің болашағы үшін бастарын өлімге тіккендеріне:

  1. Мүлтіксіз сенемін
  2. Күмәнданамын
  3. Сенбеймін деген нұсқалардың бірін таңдап цифрын жазып кетсеңіздер. Егер 2 не 3 нұсқаны таңдағандар болса себебін анықтап жаза кетсеңіздер.. Содан кейін мен бір өте маңызды пост жазғым келіп отыр. Маған жекеме «Аға бір адамның жай байқамай айтып қалған сөзі үшін неге сонша таусыласыз, неге сонша бүліндіңіз» деген хаттар келіп жатыр. Мен оқырмандарымның пиғылын біліп алған соң сол сұрақтарға жауап жазайын…

Неғұрлым көбірек жастардың пікірін білсем деп едім.. Сондықтан таныстарыңызға таратып, олардың да өз ойларын жазуына мұрындық болсаңыздар мен алғысымда айтар едім…

Құрметпен Ахметбек Нұрсила.

Бұл жазбасы үшін ол кісіні кіналау артық болар. Әйтсе де мынаған көңіл бұрған дұрыс. Алаш тарихын зерттеушілердің пайымдарына жүгінсек, олардың арасындағы «қырғи қабақ соғыстан» жан түршігеді. Бір-бірін айыптаулары да, жала жабулары да, сатқындық әрекеттері де баршылық. Әйтсе де игі мақсат, ізгі мұрат, адами өлшем биігінен қарасақ, олар ұлтқа тұлға болуға әбден лайық жандар. Өйткені отарлаушы патшалық Ресеймен оның ізін жалғастырушы кеңес үкіметімен тең дәрежеде сөйлесу үшін үлкен білім, терең дипломатия, асқақ рух керектігін ешкім жоққа шығара қоймас.

Алаш ұлдарының тар заманда азаттық аңсағандары, сол жолда табанды күрескендері шындық. Түрлі бұралаң жолдардан өткендері де тасқа басулы.Сондықтан алаш арыстарын жікке бөліп, олардың ниет-пиғылдарын елге сауын айтып сұрау – болар елдің баласына тән нәрсе деуге келмейді. Бүйтіп ел арасына сына қағу дұрыс емес. Тұлғаны халық жасайды. Ешкім тұлға болып тумайды. Ірілі-ұсақты кемшілік кімде жоқ. Оның бәрін жіпке тізе берсек, әлемдік деңгейдегі ұлы тұлғалардың бәрінің арты былық- шылық…

Мұқағали ақын бір өлеңіңде: «Өлгенді жоқ ешқашан жамандауға, «сол үшін рахмет адамдарға» деп кетіпті.

Сөз соңында айтарым, ақиқат іздеймін деп, өзіміздің де періште емес, пенде екенімізді ұмытып кетпейік! Болмас жерден дау туғызып, ел арасына жік салудан аулақ болайық!

Нағашыбай Қабылбек

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.