Италия коронавирустан көз жұмғандардың саны жөнінен Қытайды басып озды

0
56

Италия тұрғындары коронавирустан көз жұмған жүздеген адамдардың денесін тиеген жүк көліктері түсірілген видеоны көріп шошынуда, деп хабарлайды  Stan.kzақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желіде марқұмдар тиелген жүк көліктері мен науқастар жатқан аурухана түсірілген видео жаппай тарала бастапты.

Еске салайық, Италия коронавирустан көз жұмғандардың саны жөнінен Қытайды басып озды: қазіргі кезде аты жаман ауру 3405 адамның өмірін қиған. Бір күннің ішінде мемлекетте жаңадан көз жұмған 427 адам тіркеліпті.

Италия билігінің елді карантинге жабуының өзінде коронавирус жаппай тұрғындардың өмірін жалмауда. Ал желіде тараған видеоны көрген италияқтар аурудан одан бетер шошып жатқан көрінеді.

Бейнежазбаларда аурухананың дәлізінде жатқан науқастардың көптігі байқалады. Дәрігерлердің сөздерінше, олардың көбінің жағдайы асқынған.

Бергамодағы ауруханадан бөлек, қаладағы зиратта да көз жұмғандарға орын жетіспеуде екен.

Италия

“Ең бастысы – берілмеуіміз керек. Қажет болған жағдайда карантин уақыты ұзартылады. Бірнеше күннен кейін атқаралып жатқан шаралардың нәтижелі ықпалы байқалатын болады”, – деп мәлімдеді Италияның денсаулық сақтау жөніндегі ұлттық институттың басшысы Сильвио Брусаферро.

Италия

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.