«Германияда коронавирус ауруымен ауырған азаматтарымыздың жағдайы жақсарды»

0
88

Ақпарат министрі шет елде коронавируспен ауырған Қазақстанның екі азаматының жай-күйі туралы айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

 

Германияда коронавируспен ауруханаға жатқызылған қазақстандықты ауруханадан шығарды, деп хабарлады Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев.

«Германияда коронавирус ауруымен ауырған азаматтарымыздың жағдайы жақсарды. Қазір ол неміс дәрігерлерінің бақылауымен карантинде тұр», – деді министр брифингте.

Венгрияда емделіп жатқан коронавирустық инфекцияны жұқтырған тағы бір қазақстандықтың жағдайы қанағаттанарлық. «Ол ауруханада емдеу курсынан өтуде. Біздің дипломаттар-Дәрігерлермен байланысты», – деп атап өтті Абаев.

stan.kz

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.