Науқаспен байланыста болған Жамбыл облысының он тұрғынының талдауы шықты

0
201
Коронавирус жұқтырған науқаспен байланыста болған Жамбыл облысының он тұрғынының талдауы теріс нәтиже көрсетті, деп хабарлады Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Хабарланғандай, 20 наурызда Алматы облысының тұрғыны “коронавирустық инфекция” диагнозымен Қарасай аудандық ауруханасына жатқызылған болатын.

Науқаспен бұған дейін байланыста болған Жамбыл облысының 10 тұрғыны анықталып, карантинге жатқызылды. Олардан коронавирусқа алынған талдаулар қорытындысы теріс нәтиже көрсетті, – деп хабарлады әкімдіктегілер.

Карантиндегі адамдардың ешбірінен шағым жоқ. Жағдайлары қанағаттанарлық. Оларға медициналық бақылау жүргізілуде.

Сонымен қатар, коронавирустық инфекцияның алдын алу мақсатында қоғамдық орындарға барудан бас тартудың, жеке гигиена шараларын сақтаудың, қол алысып амандасудың және басқа да жақын қарым-қатынастарда болмаудың маңыздылығын ескертеміз. Тұрғындарды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге, жалған ақпараттар мен хабарламаларды таратпауға шақырамыз. Ол үшін қылмыстық жауапкершілік қаралғанын жеткіземіз, – делінген әкімдік хабарламасында.

https://baq.kz/news/othernews/koronavirus-nauqaspen-baylanysta-bolgan-zhambyldyqtar/?fbclid=IwAR0Zx-j4eKpMIywvI1M8a1D-2hsB1fPuczNUQJb90i6zKe4M7mv6QjtEgX8

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.