Әлеуметтік көмектің онлайн түріне халық наразы

0
96

Жаңа ғана біздің журналистер Алматы қаласы, Әуезов ауданының әкімшілігінде болып қайтты. Себебі әлеуметтік желілерде, инстаграмдарда, бізге хабарласқан оқырмандарымыз белгіленген әлеуметтік көмектерді алудың қолжетімсіздігін айтып, шағым түсіріп жатты. Журналистеріміздің айтуынша Әуезов ауданы әкімшілігіндегілер мүгедектерге, көп балалы аналарға атымтай жомарттардың атынан азық-түлік пакеттерін таратып жатыр екен. Елдің әлеуметтік көмекті ала алмай жатқандығы жөнінде сұрауға олар ешкімді таппапты. Ақыры бір жігіт шығып «Әкімшілік мұндаймен айналыспайды. ЦОН-нан Еgov сайты арқылы шығыңыздар» деп шұғыл бұрылып кетіп  қалған. Журналистеріміз сайтты қарап, оған шыға алмаған. Біздіңше әкімшіліктер ғимараттарының тура кіре берісінде халықтың мұң-мұқтажын тыңдайтын арнаулы қызметкерлер отыруы тиіс. Біз бұл ойымызды, елдің мұң-мұқтажын қалалық әкімшілікке жеткіземіз.

Нұржан Айғали

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.